Quantcast
Channel: Зерттеу | National Geographic Qazaqstan
Viewing all 593 articles
Browse latest View live

Пиксель дегеніміз не?

$
0
0

«Сурет элементі» б.т. сандық дисплейдегі көптеген майда жарықтандырғыш шаршының бірі. Смартфон экранындағы мыңдаған пиксельдің тығыздығы сонша, ол тегіс әрі жарық суретте көрінбей кетеді. Оны нығыздау тек жақыннан көру үшін қажет. Көшедегі LED экранының пиксельдер саны смартфондікінен әлдеқайда аз, соған қарамастан ол алыстан қарағанда жіксіз әрі біркелкі болып көрінеді. Себебі көз алыстан жекелеген пиксельді байқай алмайды.

Авторы: Мануэль Каналес пен Райан Т.Вильямс


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0

Сәулесіз әлем.

$
0
0

Үңгір… Осы сөзді естігенде мынадай суреттің елес берері анық. Ол жер астындағы іші тастай қараңғы әрі суық қуыс кеңістіктің көз алдыға келетіндігі. Иә, үңгірлер шынында да солай. Ғалымдар Ш.Айталиев, Р.Баймаханов пен Ә.Байбатшаның деректеріне қарағанда, Қазақстандағы мұндай табиғат ғажайыптарының саны 140-тан асады. Атап айтар болсақ, олардың ең ірілері ретінде 80-і Қаратауда, 20-ы Талас Алатауы мен Өгемде, 11-і Маңғыстауда, 12-і Сарыарқада, 5-уі Алтай мен Тарбағатайда, 6-уы Іле Алатауында деп есепке алынған.

Кезінде біз осындай үңгірлердің екеуін іздеп барып, әр кездері олардың ішіне де түсіп көргеніміз бар. Олар Оңтүстік Қазақстан облысының Қаратау сілемдеріндегі Жетіотау және Ақмешіт үңгірлері дер едік. Алдымен Жетіотау туралы айтайық. Ол аталмыш облыстың Бәйдібек ауданындағы бұрынғы «Красная Нива» кеңшарына қарайтын «Прогресс» бөлімшесі маңайындағы үлкен аңғарда. Сондағы тік беткейдің ортан белінде аузы үңірейіп көрініп тұрған үңгірге кірер болсаңыз, бірінші кезекте сізді дүр-дүр етіп шошына ұшқан кептерлер қарсы алады. Содан кейін уілдеген суық ауа бетіңізге тиіп, бірте-бірте ол денеңізді қалтырата бастайды. Үңгір аузындағы жарықтан алыстап, түкпірге қарай беттеген кезде еріксіз тоқтап қаласыз. Оған себеп, сіздің алдыңызда қараңғы да қорқынышты әрі тас-түнек сәулесіз әлемнің жатқандығы. Міне, осыдан кейін барып қол фонарыңызды іздей бастайсыз. Сөйтесіз де соның көмегімен аталмыш табиғат тылсымын өз бетіңізше танып, білуді бастайсыз.

Біздің байқағанымыз, Жетіотаудың ұзындығы 80 метр шамасында сияқты. Ал, жалпы пошымы… иә, жалпы көрінісі буылтық-буылтық боп жататын жұлдызқұрт болады ғой, міне ол содан аумайды. Тоқ етерін айтқанда өзіміз сөз етіп отырған үңгір кірген адам қайта-қайта еңкейіп өтетін жеті бөліктен тұрады. Әр бөлік киіз үйдің көлеміндей бір-бір қуыс. Сондықтан да ел оның осы құрылымына қарап, оған Жетіотау деп ат берген сияқты. Қандай дәл теңеу десеңізші!

Жетіотау – спелеологтар айтатын қадым ғасырдағы тіршілік иелерінен қалған тұрақ емес. Ол – табиғат стихиясынан туған үңгір. Ғылым тілінде оны карст дейді. Бұл таудағы үлкенді-кішілі тас айырықтарынан өткен қар, жаңбыр суларының топырақ қабатына келгенде жиналып, көлемі ұлғая келе сол жерді орып өтіп барып тоқтап, содан соң тағы осындай әрекеттер жасалып барып беткейді тесіп шығу арқылы болатын құбылыс. Жетіотаудың буылтық-буылтық  бүкіл болмыс-бітімін барлап қараған кезде ол міне, жоғарыдағы ойға толық сәйкес келеді.

…Осы жерден 40-50 шақырым шамасында тағы бір үңгір бар. Сол Қаратау сілемінің етегіне орналасқан бұрынғы Леонтьевка елді мекені  тұсындағы ол табиғат ғажайыбы Ақмешіт деп аталады. Тастақты төбелердің арасындағы бұл үңгірдің аузы жазықтау жерге қап-қара шұңқыр сияқты шалқая орналасқан. 1980 жылы осы жерге бізді бастап апарған әріптесіміз Жақай Ералиев бәріміз  әлгі жердің жиегінен үңіліп қарағанымызда оның ішінде екі-үш қора қой сыйып кететіндей кеуек кеңістіктің бар екенін байқағанбыз. Кереметі сол, 30-40 метр тереңдіктегі оның түбінде екі түп тұт ағашы өсіп тұр екен. Олардың жапырақтары үңгір ішін мекендеген құс саңғырықтарынан бозамықтана ағарып кетіпті. Күн сәулесі жарық қып тұрған оның ішінен тағы бір байқағанымыз, әлгі тұт ағаштарынан онша қашық емес жерде дала аруы – ақбөкеннің қаңқасы көрінген. Жануар әлденеден үрейленіп, үрке қашып келе жатқанда, үңгірге құлап түсіп мерт болған сияқты.

Ал,  2016 жылы осы жерді қайта келіп көргенімізде Ақмешітті танымай қалдық. Жергілікті билік бұл маңайды жөндеп, төңірегіне асфальт жол тартыпты. Үңгір ішіне түсетін мықты айналмалы темір саты қойылған. Соның нәтижесінде ол туристер көп келетін жерге айналыпты. «Бұл табиғат туындысы геомагнитті толқындар тудыратын кедергілерден тыс жоғарғы күш-қуатқа ие, таза энергетикалық ауа ағындары шоғырланған аймаққа орналасқан», − деді жанымыздағы еріп жүрген ғалым Мұсатілла Тоқанов. − Ақмешіт үңгірінің осындай аурасы адам ағзасына оң әсер етіп, оларды бойларында жинақталып қалған кір энергиядан тазартады. Жұмыс, тіршілік тауқыметінен еңсесін көтере алмай жүрген жандардың иммундық күш – қуатын оятып, сергітеді. Жүйкеге түскен ауыр ойлардан арылтады».

Геомагниттік толқын дегеніміз не? Ол солтүстіктен оңтүстікке, шығыстан батысқа бағытталған ауадағы жолақтар. Егер жұмыс орныңыз, отырған жеріңіз, тіпті үйдегі үстеліңіз бен орындығыңыз осы геомагнитті толқын жолында орналасатын болса, онда адам ағзасы қан – тамыр, буын және ісік ауруына бейім болады. Сол сияқты жаман энергия: тіл, көз, қарғыс сөздер адам денесіне жағымсыз әсер ету нүктесі түрінде жиналады. Ал оларды тазартатын кісі аяғы сирек жететін тау, олардағы ауасы таза аңғарлар екені мәлім. Өзіміз сөз етіп отырған Ақмешіт үңгірі міне, сондай қасиетке ие. Сондықтан ол, биоэкотуризмге өз өзінен сұранып тұрған жер, − деді әңгімесінің соңында ғалым.

Үңгірлер… Бұл еліміздегі әлі зерттелмеген өзінше бір табиғат құпиясы. Жоғарыда біз олардың екеуін ғана қысқаша сөз еттік.  Ал Маңғыстаудағы, Орталық Қазақстан мен Жетісудағы мұндай  табиғат ғажайыптары қаншама десеңізші. Біле білген адамға бұл табиғат ғажайыптарының өзіндік пайдасы да бар. Оны интернеттен тауып оқысаңыз үңгір ішіндегі ауаның қан қысымын қалыпқа келтіретіндігі, көкжөтелді пышақ кесті тыятындығы, қолдағы жазылмаған жарадан құлан таза айықтырып жіберетіндігі туралы қысқа да нұсқа мәліметтер жетерлік. Түрікменстандағы Копет-Даг, Грузиядағы Ақ үңгір сонау Николай патша заманынан бері емдік бағытқа бейімделген болса, одан бергі уақыттарда көрші елдердегі жасалған ондай игі тірліктер қаншама. Біздің ойымыз тек Қазақстанда да осындай үңгірлердің бар екендігін айту, хабардар ету. Елге ой салу.

Авторы: Жанболат Аупбаев, фото: Қайсар Шерім

0

«Кейде бұл елес қуғанға ұқсайды»

$
0
0

Брайан Скерри Доминикадағы Кариб аралының шығысындағы алты кашалоттың басқосуын түсіріп алу мүмкіндігіне ие болды. «Доминика кашалоты» жобасының ғалымдары жергілікті басқармамен киттерді қорғап, оның қоректену мен көбеюін зерттеу үшін тер төгуде. Доминика аралдары 2017 жылғы «Мария» дауылынан қатты зардап шеккен.

Қауіп төнген теңіз мақұлықтары туралы түсінігімізді молайту үшін Брайан Скерри ақтық демі қалғанша қызмет етпек!

Суасты фотографы Брайан Скерри үшін қуанышты күндер басталды. Күн ашық, су таза, киттер келіп жатыр. Скерри оларды суретке түсіру үшін суға еркін сүңгиді, өйткені оның маскасы буланып кетпейді, фотоаппараты да істен шыға қоймайды.

Алайда күндердің бәрі осылай қолайлы бола бермейді. Ең жаманы – киттер көзге түспейді, ал күннің бетін бұлт тұмшалап алады немесе Скерри суға сүңгіген бойда киттер қорек іздеп мың метр тереңдікке сүңгіп кетіп, көзден таса болады. Скерри бір жұтым ауамен олардың соңынан бара алатын жеріне дейін ереді.

National Geographic фотографы мен Rolex ұйымының 2017 жылғы «Жылдың үздік зерттеушісі» марапатының иегері Скерри суға жалаң сүңгиді. Ешқандай акваланг немесе жүзу құрылғысынсыз желбезекті аяқтары, маска мен камерадан басқа зат пайдаланбайды. Соңғы екі жылының тоғыз аптасын ол Доминикадағы Кариб аралдарының шығысында 10 метрлік қайықта отырып, кашалотты аңдумен өткізді.

Скерри түсірген суреттері өте ерекше, есте қаларлықтай әрі марапатқа лайық. Флора мен фаунаны зерттеп жүрген ғалымдарға: «Фотожурналист ретінде бірге жұмыс істеп, оларға қажетті суреттерін түсіріп беремін», – дейді ол.

Кашалот – ғажап, зиялы әрі оңайлықпен қолға түспейтін теңіз алыбы. Олар секем алып қалса, не біреудің аңдығанын байқаса, мұхиттың түбіне сүңгіп кетеді. Соған қарамастан, кит пен балықты шамадан тыс аулаудың кесірінен табиғат жанашыр­лары оларды деңгейін «осал» не «жоғалып кету қауіпінде» деп бағалап отыр. Киттер туралы ғылыми еңбектер жазылса, білім саласының назары осы алыптарға түссе, дәл қазір Скерри үшін одан басқа арман жоқ. «Адамдар кашалоттарды тез арада қорғауға алса деймін, шұғыл шешімді қажет ететін мәселеде өз жауапкершілігімді сеземін. Әлемнің жақсара түсуі үшін мен жұртты адами қасиеттен ажырамауға шақырамын», – дейді ол.

Ғалымдар кашалоттың мұхиттағы ең ірі азулы жыртқыш екенін жақсы біледі. Бізге мәлім жануарлардың арасындағы ең үлкен ми – осыларда. Олардың салмағы 45 тоннаға дейін жетеді. Оның бойынан адамға тән әуесқойлық пен ойнақылық қасиеттер және бар. Дегенмен үлкендігіне қарамастан кашалот әлі күнге дейін мұхиттың қол жетпес құпиясы саналады. Оларға ауқымды идея­лар тән бе? Отбасы топтарының өзгеру қарқыны қандай? Әлгі алып ми нені ойлайды?

Киттің барлығы дерлік қатты дыбысты жақтыр­майды. Қайықтың моторы немесе сүңгуір қа­­йықтың көпіршіктері алыптың «шертіп сөйлеу тілі» жүйесіне кесірін тигізбей қоймайды. Еркін сүңги алу – Скерри секілді мықты маманға оларға жақындаудың ең тиімді жолы. Соған қарамастан ол: «Бұл кейде елес­терді аңдығанға ұқсайды», – дейді.

Мэн штатында тұратын Скерри Атлант мұхитының тастай суында еркін сүңгуге әбден машықтанған. Ол суастында демін жібермей үш минуттай ұстап тұра алады. Демді ұстап тұру үшін өкпе қаншалықты маңызды болса, сана да соншалықты маңызды. Дене пішінін жақсы сақтаған 56 жастағы Скерри қан қысымы түсіп кетіп, өкпесі тұншыққан кезде байбалам салмау үшін медитация жасайды. Фотография өнерінің сиқырлы сәттері де осы тұста орын алады. Скерри «National Geographic» журналы үшін үш жылдық оқиға дайындау жобасының жартысына келді. Ол әлемді шарлап, Аляс­каның өркешті киттерін, Канаданың ақсеркелері мен Норвегияның косаткаларын суретке түсірді.

Доминикада Скерри Данияның Орхусс университетінің биологі және Доминиканың кашалот жобасының негізін салушы Шейн Геро бастаған зерттеу тобына қосылды. Героның зерттеу тобы жыл сайын Карибтегі кашалоттардың тобын аңдып, олардың қатынас тәсілдерінің сырын ашпақ болады. Зерттеу жалпы киттердің мінез-құлқын түсінуге де үлес қосады. Осылайша, оларды қорғау жоспарын құруға мүмкіндік туады.

Дегенмен ақпарат жинау – өте баяу үрдіс. Басқа да тұмса әлемді түсіретін фотографтар секілді Скерри кәсіби кадр түсіру үшін сабырлық қажет екенін көп айтады. Скерри соған қарамастан уақытын нағыз ертегідегідей өткізеді.

Апталап сарыла күткен көктем айының бір күнінде Скерриге зерттеу қайығы бір топ киттің бас қосу үшін жоғары қарай көтеріліп келе жатқанынан белгі берді. Мұндай құбылысты бір фотограф түгіл, бір топ адамның өзі сирек кездестіреді. Скерри белгі берілген жерге барып, күннің астындағы алты кашалотты көрді. Ол кашалоттармен бірге бір сағаттан көп уақыт жүзе отырып, мәлімет сақтайтын екі картасын 1500 суретпен толтырды. Табиғаттың адамға тұнжырай қарауына себеп көп, бірақ кейде оның езу тартқызатын да кезі болады.

2017 жылы Rolex пен National Geographic байқауының «Жылдың үздік зерттеушісі» атағына ие болған фотограф Брайан Скерри – беделді қос компания арасындағы жаңа ұзақмерзімді серіктестіктің бір бөлігі. Оның ұраны: «Мәңгілік ғаламшар үшін!». Мақсаты – Жерді зерттеу мен қорғау. Толық ақпар: natgeo.com/perpetualplanet.

Авторы: Даниель Стоун


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0

Құрт жиырылғанда

$
0
0

Пайдалы паразит. Science жасаған баяндамаға сенсек, дамушы елдерде бұл құрт адамдардың ішегінде көп кездеседі. Ол ішек ауруларының қабынуы мен түрлі кесел тудыратын бактерия­ларды азайтатын микробиота қалыптас­тырады. Бұл құрт болмаса, жаман бактерия көбейіп кетер еді.

Авторы: Лори Кутберт, фото: Деннис Кункель


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0

Ғарышқа арналған күнжелкен

$
0
0

Кезінде Йоханнес Кеплерден Карл Саганға дейінгі астрономдар қиялдаған, Күннен қуат алатын ғарыш кемесі сапарға дайын.

Сіз Айдың қазіргі фазасын білесіз бе? Көбіміз мұның жауабын біле бермейміз. Бұрындары, электр жарықтары пайда болмай тұрып, адамдар аспанға жиі қарайтын. 1607 жылы Жерге өте жарық комета түскенде адамдар қатты таңырқап қорыққан.

Неміс астрономы Йоханнес Кеплердің сол жылы көргені оны терең ойға батырған еді. Ол Галлей кометасының таңғажайып құйрығының қалай пайда болғанын тұспалдап» тас бетіндегі материалды буландырған, артынша оның бөлінуіне әкеп соққан – күн жылуы» деген еді. Кеплер: «Кеме желкендерінің теңіз желіне бе­­йімделгені секілді, одан үлкен кеңістікте еркін жүзетіндері де пайда болады», – деп жазған.

ХVI-XVII ғасырларда кемемен саяхаттау қалыпты жайтқа айналды. Айналып келгенде, кемелердің жүзуі күннің жылуынан пайда болған желге тәуелді. Кеплер адам баласы күнді айналып жүрген ғаламшарда тіршілік ететіндерін ұғынған заманда өмір сүрді. Осы себепті оған адамзаттың жұлдызды аспанға саяхат жасауы таңсық болмаған-ды.

1977 жылы Карл Саганның астрономия сабағында отырғанымда ғарышқа саяхаттау маған қалыпты жайттай көрінді. Саган тартылыс күшінің кедергілеріне қарамастан жұмыс істейтін көлік туралы және жұлдыздардың арасында еркін қалықтайтын орбитадағы механиканы шынайы етіп баяндаған. Ол: «Күн сәулесінен қуат алатын құрылғы ғарыш кеңістігіндегі мұхитта қалқып жүреді», – деп суреттеді.

1980 жылы Саган негізін салған әлемнің ең үлкен коммерциялық емес «Ғаламшарлық қоғам» ұйымы оның сол арманын бүгінде жүзеге асыруда. 2015 жылдың маусымында аталмыш ұйым көптің қаржыландыруымен дүниеге келген өзінің жарықтан қуат алатын LightSail-1 ғарыш кемесін сынақтан өткізді. Осы мақала дайындалып жатқанда LightSail-2 ғарыш кемесін ұшыру әзірлігі жоспар бойынша жүріп жатты.

Кеплердің үш ғасырдай уақыт бұрын жазған «Күннің қуатымен саяхаттау» идеясын зерттеген ғалымдар күннің таза энергия екеніне көз жеткізді. Күн – дүниенің қозғаушы күші. Қазіргі таңда әр фотонда қанша энергияның бар екенін білу аса қиындық тудырмайды. Өйткені фотондардың ешқандай салмағы жоқ, бірақ импульсі бар.

Боулинг шарының өз импульсін кегельге өткізгенін байқап жүрміз. Доп кегельдерге барып соғылып, олар құлағанда ұпай қосылады.

Керісінше, жарық импульсы – қалыпты тәжірибеміз тысындағы ұғым. Күнге шықсаңыз, оның итергені сізге сезілмейді. Жарықтың күші тым аз мөлшерде болғандықтан, оны басқа күштер мен қысымдар басып кетеді. Затында, үйкеліс пен тартылыс күшінен ада бізге мәлім кеңістік – ғарыш қана.

1920 жылдан бері адамдар массасы соншалық жеңіл әрі күші соншалық үлкен ауаның теңіздегі желкенді кемені қозғағанындай, фотондардың күшімен шексіз кеңістікте қозғалысқа түсетін ғарыш кемесін елестетіп келді.

Орбитаға жеткен соң оған ешқандай отын керек емес. Қозғалтқыштың күші аз болғанымен оның «отыны» таусылмайды. Өйткені шамамен жарық желкеннің әр шаршы метріне тоғыз шаршы микроньютон энергия келеді.

LightSail-2 ғарыш кемесінің ұшу механизмі мынадай: Бұл ғарыш кемесінің көлемі – 10x10x30см, яғни бір тал кірпіштен үлкен емес.

Ғарыш кемесінің кішкентай бөліктерінде жылтыр желкендер бар. Орбитаға жеткенде оның әр тарапы бес жарым метрге дейін ашылады. Күннің жарығы желкендерді жылжытса, жерден басқару құралы оның шағын моторының айналуын қамтамасыз етеді. Ол Жерді айналған сайын бір бүйірімен күнге қарап тұрады. Содан соң кері бұрылғанда біз ғарыш кемесінің желкендерін күннің сәулесіне қарай бейімдейміз.

Бұл тұп-тура желкенді кемеден айнымайды, айырмашылығы – ол теңізде емес ғарышта «жүзеді».

Lightsail-2 миссиясы барысында кішкентай құрылғымыздың биігірек орбиталарға шыға алуы үшін біз орбиталық энергия тұрғызуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ біз оның ғарышқа сапар жасайтын технологияларды түбегейлі жетілдіруге септігін тигізетініне сенімдіміз. LightSail – дүниежүзілік ғарыштық зерттеулердің шығынын азайтуға бағытталған жобаның бір бөлігі. Сондықтан шығынның көптігінен не қолжетімсіздіктен орындалмай келген миссияларға жол ашылады.

Мысалы, Күн корональді масса шығарылымы (КМШ) деп аталатын алапат энергия бөледі. Жер серіктеріндегі бүкіл электрониканы істен шығара алатын осынау қуатталған бөлшектердің ағындары ғарышта өте жылдам қозғалады, бірақ жарық фотондарының қозғалу жылдамдығының шаңына да ілеспейді.

Жерсерігін тым алысқа, мәселен, Күн мен Шолпанның ара қашықтығындай қашықтыққа орналастырып, бірақ Жерден қалыспай қозғалуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Бұлай істейтін болсақ ол күн бетінен бір-ақ шығар еді. Орбитада қалу үшін ғарыш аппаратына басқа сыртқы тұрақты күш қажет болады. Күн желкендері қажетті итеру күшін тудырып, ондағы құралдар КМШ-ны анықтап, бізге ескерту белгісін жібере алады. Біз маңайдағы Жер орбитасын айналушы спутникті ыңғайлап, оны түрлі кедергілерге теріс қаратсақ, ғарыш аппараты аз зақымданады.

Дәл осы принципке сүйеніп, Жерден қалыспай айналу үшін инфрақызыл телес­коппен жабдықталған күн желкенін пайдалануға болады. Құрылғы ғарыш қараңғылығын шолып шығады, Жерге зуылдап келе жатқан онымен соқтығысуы мүмкін астероидтың жарығын да байқауы мүмкін. Болмаса, күнжелкенді ғарыш аппараты Жердің солтүстік не оңтүстік полюсіне таман орнатылып, ауа райы мен климатты бақылайды.

Электроника, қағаз-қалам, жер мен көкті байланыстыратын көліктеріңіз – бәрі сізге ата-бабаларыңыздың шетсіз-шексіз мұхитта жол тауып, құрлықтарды ашып, түпсіз ғарышты зерттегенінің арқасында мүмкін болды.

«Планетарлық қоғам» деп аталатын ұйымымыздағы мақсатымыз – ғарыш ғылымы мен оны зерттеуді жетілдіру. Жердегі адамдардың көбі ғарыш туралы еш ойланбастан таңын-таңға атырады. Ойлансақ, ұлы істерге қол жеткізе алар едік. Әлем халқын LightSale миссиясына атсалысуға шақыру арқылы біз оларды болашақтың бір бөлігі болуға, ғарышты демократияландыруға, ғарыш туралы маңыз­­ды жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік бермекпіз. Осы арқылы кез келген адам ғылымға жұмсалып жатқан қаражатты басқарып, жаңартулар жасауға септігін тигізе алады. Ең бастысы, The Planetary Society ұйымының мүшесі болуға мүмкіндік бар.

Жұлдыздарға жол ашық!

Авторы: Билл Най


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0

Дельфиндердің сиқырлы тілі

$
0
0

Ерекше «ысқырық-визиткалар» қарым-қатынасты анықтауға көмектеседі.

Аң-құстың ортақ ортада бірдей дыбыс шығаруы – заңды құбылыс. Жылдар бойы ғалымдар дельфиндер жайлы да осылай ойлап келді. Алайда батыс Аустралия университетінің биологі Стефани Кинг Шарк шығанағындағы афалиндердің дауысын жазуға біраз уақытын арнап, дельфиндердің жақындары арасында өзіндік ысқырық шығаратындарын анықтады. «Бұл дыбыс дельфиндерге достарының кім екенін, достарының достары кім екенін анықтауға көмектеседі», – дейді Кинг. Бұл жазбаны қолданып, Кинг еркек дельфиндердің өзгелермен қалай қарым-қатынасқа түсетінін әрі оны қалай сақтап қалатынын анықтамақ. «Таңғаларлығы адам мен дельфин шын мәнінде бір-біріне ұқсайды», – дейді ол.

Авторы: Нина Строчлик


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0

Құмдағы «женьшень»

$
0
0

Мойынқұмда  іссапарда жүргенбіз. Шаруамыз бітіп, қонақ үйге қайтып келе жатқанымызда, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұқан Сабыров мынадай қызық тақырыптың шетін шығарды.

– Осы жерде Серғазы Қылышбаев деген азамат бар, – деп бастады əңгімесін жолбасшымыз. – Мамандығы фармацевт ол Мойынқұм даласындағы цистанхе деген өсімдіктің дəрілік қасиетін байқап, арнайы цех ашқан. Беталысы жаман емес. Кəсіпкерлердің өңірлік, аймақтық көрмелеріне қатысып, жақсы бағаға ие болып  жүр.

– Патенті бар ма?

– Иə. Барып көргіңіз келсе, жүріңіз. Апарайын. Кеңсесі əне, анау мүйісте тұр.

…Біз келгенде кəсіпкер компьютерге үңіліп, əлденені асығыс іздестіру үстінде екен. Шаруамыздың жайынан хабардар болған соң жұмысын доғарып, аулаға алып шықты. Бұл оның шикізатты елден қабылдап алып, жуып, кептіріп, сақтайтын ашық жəне жабық қойма кешені болып шықты. Оны көріп болған соң іргелес ғимарат ішіне кірдік. Мұнда тазартудан толық өтіп, əбден іріктелген цистанхе өсімдігі тамырларын уататын аппарат тұр. Осыдан кейін барып ұсақталып, үгітілген шикізат торкөз елеуіші бар станокқа жалғасатын болып шықты. Осы үдерістен соң ұн секілді майда өнім 100 грамдық стандарт пакеттерге қапталып, конвейермен арнаулы картон жəшіктерге барып түседі екен.

– Көріп тұрсыздар, менің шаруашылық цехым міне, осы, – деді Серғазы бізді бөлмесіне қайта ертіп келе жатып. – Ал мұнымен шұғылдануыма не нəрсе əсер етті дейсіздер ғой. Енді соны айтайын. Бала кезімізде үлкен кісілер осы өңірдегі сексеуілдердің арасындағы құмда «қасқыр жем» деген өсімдіктің бар екенін сөз ететін. Көктемде тез бой көтеріп, ал жаз шыға бере сабағы қурап қалатын оған тасбақа мен кірпі жəне қасқыр, қарсақ қатты үйір екен. Ауыл адамдарының айтуынша түз тағылары аталмыш өсімдіктің тамырын қазып, кеміретін көрінеді.

Аудан орталығындағы мектепті бітірген соң С.Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина университетіне оқуға түстім. Фармацевт мамандығын алып, көп жылдар сондағы аптека жүйесінде қызмет еттім. Осы салада жүріп байқағаным, шетелдік мықты деген дəрі-дəрмектердің бəрінің өсімдіктер шикізатына тікелей тəуелді екендігі еді. Сол сəтте көз алдыма Мойынқұм даласының тұмса табиғаты елестемесі бар ма?! Онда не жоқ дейсіз, бəрі бар ғой. Мəселен жоғарыда өзіміз сөз еткен «қасқыр жем» өсімдігі… 2010 жылы ауылға демалысқа келгенімде аталмыш табиғат сыйын барып көруге бел байладым. Ғажабы сол, оның жер бетіндегі діңінің биіктігі 40-50 сантиметрден аспайды екен де, құм астындағы тамырының ұзындығы 1,2 метрге дейін баратын болып шықты. Өсімдіктің жерге жақын жердегі жапырақтарында құмырсқа, шыбын-шіркей өріп жүр. Демек сөлдің, тіршілік иелеріне қажет дəруменнің болғаны ғой! Осыны көріп, байқағаннан кейін өңірдегі қарттардан цистанхе – «қасқыр жемнің» мəн-жайын анықтауға көштім. Сөйтсем оның шын атауы сұңғыла екен. Оны айтқан мойынқұмдық агроном Тұрсынбек Айдынбеков еді.

Осылай деген Серғазы сəл үнсіз қалды да іле əңгімесін қайта жалғады. Оның сөзінен аңғарғанымыз, цистанхе, яғни, сұңғыланың тамыры өзінің емдік қасиетімен шығыс медицинасында ертеден бері белгілі екен. Атап айтқанда ол сол заманда-ақ адамдардың бүйрегі мен қуығына суық тигенде пайдаланылып отырыпты. Сөйтіп қазіргі медицина тілімен айтқанда емшілер мұны цистит жəне пелионефритке қарсы қолданған. Бүгінгі фармацевтика ғылымы бұл өсімдіктің тамырынан жасалған препараттардың антиоксигентті белсенділігі өте жоғары екендігін айтады. Бұл миды, сондай-ақ денені қимыл-қозғалысқа келтіретін жүйке жүйесін барлық зиянды факторлардан қорғайды деген сөз. Себебі цистанхенің құрамында жоғарыдағы сөз еткендерімізден басқа көптеген белсенді заттардың жиынтығы бар. Ол осы ерекшеліктерінің арқасында кең ауқымды фармакологиялық спектрге ие. Нақ осындай себептерге байланысты əлемде өсімдік шикізаты негізінде дəрі-дəрмек препараттарын өндіруде жетекші рөл атқаратын Қытай мемлекеті оны қандай жолмен болса да алуға өте-мөте мүдделілік танытып отырған жайы бар.

– Мен цистанхенің осы қасиеттерін көптеген ғылыми еңбектерден оқып біліп, Мойынқұм даласында біраз зерттеу жұмыстарын жүргіздім, – деді Серғазы. – Содан соң Алматыдағы өзім фармацевт болып істеп жүрген қызметімді тастап, осы жұмыспен нақты айналысу үшін ауылға көшіп келдім. Сөйттім де аудан орталығынан жер телімін алып, өздеріңіз көріп отырған мына цех ғимараты мен қойманы салуға кірістім. Мақсатым – шөл даланың өзіміз сөз етіп отырған шөбі – цистанхе негізінде фитошай өндіру болды. Осы оймен 2013 жылы əзірлеген жобам кəсіпкерлікті демеу жөніндегі «Даму» қоры тарапынан қолдау таппасы бар ма?! 3 миллион теңге көлеміндегі сол грант қаржысына өсімдік тамырын ұнтақтайтын аппарат пен өнімді фильтр пакетке салатын жабдық сатып алдым. Соның нəтижесінде көптен күткен төл тауарымның тұңғыш партиясын шығаруға қол жеткіздім. Ал 2014 жылы бизнесті дамытудың қосымша көзі ретінде жоғарыдағыдай мөлшердегі несиені «Еңбекпен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша алдым. Ол қаржы маған ауладағы бұрын қолға алып бітпей тұрған жерасты кəрізі мен сорап жəне шикізатты тазалап, кептіретін алаңды аяқтауыма көп көмек берді.

Серғазының əңгімесіне қарағанда оның шығарған «Сұңғыла» фитошайы бастапқы кезде онша көп сұранысқа ие бола алмаған. Жұрт жаңа тауарға сенбестікпен қарапты. Бірақ уақыт өте келе кəсіпкердің өз кеңсе ауласына жанашыр қауымды жиып, өнімді насихаттайтын тұсаукесер өткізуі, аудандық газеттегі: «Бұл бүйрек пен несеп жолдары жұмысын жақсартады. Артериалды қан айналымын қалыпқа келтіріп, қанның құрамындағы қант мөлшерін төмендетеді, буын ауруларын бəсеңдетуге көмектеседі», – деген жарнама жолдарын оқығаннан кейін жергілікті тұрғындардың фитошайды сатып алып, жақсы пікір білдіруі оның жолын ашады. Сөз орайында «Сұңғыланың» елге жақсы танылуына Серғазы Қылышбаевтың 2016 жылғы «Қазақстанның үздік тауарлары» аймақтық конкурсы көрмесіне қатысуы айтарлықтай серпін беріпті. Сонда Мойынқұмда өндіріліп, əдемі дизайны бар қораптарға салынған 2 грамдық фильтр қалта мен 100 грамдық пакеттегі фитошай келушілерге қатты ұнаған. Қонақтардың көпшілігі сонда оны асқан құштарлықпен сатып алып, үйлерінде 1-2 ай пайдаланған соң оның өзіндік əсер ету күшіне тəнті болады. Сөйтеді де өз өңірлерінен алғыс айтқан хаттар жолдап, оны қалай сатып алудың жолдарын сұрайды.

Сөзімсіз құрғақ болмас үшін кəсіпкердің сайтында тұрған сондай пікірлердің кейбіреуін оқырмандар назарына ұсынайық. «Серғазы, – депті Олег Фессель деген тұтынушы өзінің хатында. – Сіздің мен сұратқан өніміңізден əлі бар ма? Айтайын дегенім, сізді мазаламай-ақ, оны өз өңіріміздегі салалық аптекалардан сатып алсам деп едім. Оны Ресей аумағының қай жерінен табуға болады?». Көрші ел азаматы осылай десе, өз отандасымыз Бақыт Кəрібоз: «Ең бастысы бұл иммунитетті күшейтеді. Сондықтан да мен оны кəдімгі шай орнына ішемін», – депті. Ал, Махамбет Құрыш атты Астана тұрғыны болса: «1,5 литрлік əйнек банкідегі қайнаған суға 2 ас қасық фитоөнімді шай секілді шығарып, оған аздап бал қосып ішіп көріп едім, денемді сергітті. Үш ай сусын орнына пайдаланғанымда, бүйрегімнің күн бұлыңғыр тартқанда сыздайтын ауруы басылды», – деген пікірін білдіріпті.

– Өзің айтып отырған сұңғыла Мойынқұм даласында соншалықты көп пе? – дедім мен келесі кезекте кейіпкерімізден. – Мұны сұрап отырғаным көктемде жинағанда сіздер оны түп-тамырымен қопарып, тұтастай қазып алады екенсіздер. Осылай бола берсе ол кейін бұл өңірден жойылып кетпей ме? – Жоқ, – деді əңгіме иесі. – Бұл – жабайы өсімдік. Болмысы мен бітімі берік арамшөп. Қазылған жерде тарамыстай жұқанасы қалса болды, жер бетіне қайтадан тырмысып шыға келеді. Былайша айтқанда жаны сірі. Олай болатыны басқа өсімдіктердің өсіп-өнуіне өте қажет алғышарт – фотосинтез құрылымы мұнда жоқ. Сондықтан да сұңғыла жер астынан өзі нəр алатын серіктес іздейді. Тамырының ұзын болатын себебі сол. Ақыры ондай демеушіге инстинкті түрде қол жеткізген соң, ол соған арқа сүйейді де «уайым-қайғысыз» өсіп-өне береді. Ал оның сондағы сүйеніші не дейсіздер ғой. Сексеуіл мен жүзген. Ол осылармен «тіл табысып», өзіне қажетті су, басқа да нəрлі дүниелерді солардың бойынан тартып алады да отырады.

– Түсінікті. Енді мынаны айтыңызшы. Сұңғыланы қай уақытта жинап, дайындайсыздар? Сіздің цехтағы жұмыс ырғағының тоқтамауы үшін жаздың соңы мен күз, қыс маусымдарына қанша килограмм немесе центнер тамыр қажет?

– Цистанхеге жорық əдетте көктемде, яғни сəуірдің ортасында, ол гүлдеп жатқан кездегі 10-15 күн ішінде жүргізіледі. Сексеуіл тоғайлары арасындағы құмнан қазып əкеліп тапсыратындар – ауыл адамдары. Олардан сатып алынған шикізаттың артық-кемі кесіліп-жонылып өңдеуден өткеннен кейін мына ауладағы əк төселген ашық алаңға жаймаланып қойылады. Əк шыбын-шіркей мен құрт-құмырсқа жоламас үшін қажет. Содан соң осында тамырларды тазалап жуып, кептіру жүргізіледі. Осы термоөңдеудің бəрі атқарылып болғанда, шикізаттың салмағы мен көлемі айтарлықтай азаяды. Егер мен орта есеппен бір маусымда 4,5 тонна сұңғыла жинайтын болсам, содан «құрғатылған қалыпта» ол шамамен 700-800 килограмға азаяды. Содан қалғаны маған жеткілікті.

Əңгіме аяқталуға жақындап келе жатты. Сол кезде біз Серғазыдан тағы да екі нəрсені сұрап қалуға бел байладық. Оның біріншісі кейіпкеріміздің сұңғыла мəселесімен елімізде өзінен басқа айналысып жатқан жеке ұжым немесе ғылыми-зерттеу орталығы бар ма деген сауал еді. Ал екіншісі кəсіпкердің қолға алған бұл ісіне қатысты шешімін күткен қандай проб лемалардың алда тұрғандығы болатын. Алғашқы сұраққа байланысты Серғазы елордадағы Л.Н.Гумилев атындағы ұлттық университет ғалымдарының сұңғыладан экстракт алу жөніндегі ойларын, оның қызық талпыныс екенін айтты. Ол идея бойынша бір тонна шикізаттан бір килограмм сығынды сөл өндірілуі тиіс. Мұны басқа реагенттермен байытып, шағын шөлмектермен шығарған кезде өнімнің еліміз өңірлеріндегі тасымалдау шығыны азайып, республикамызға өте тез таралар еді дейді кəсіпкер. Сондай-ақ ол бізді Астанадағы медицина академиясы ғалымдарының да цистанхе тақырыбына қызығушылық танытып отырғанынан хабардар ете кетті. Олардың зерттеуіне қарағанда сұңғыла антиоксидтік жəне сергектік беру көрсеткіштері жөнінен көк шайдан 5 есе артық болып шығыпты. «Ал енді шешімін күткен мəселеге келсек, –деді Серғазы. – Мемлекет тарапынан 1-ден 5 тоннаға дейінгі өнімге қосымша салықсыз квота болса…». Содан кейін тағы бір əңгіме айт ты. Алдағы арманы мұндағы сұңғыла өсімдігінен басқа құмдағы жантақ, мия, дүзгенді де фармацевт көзімен қарап, зерттеп, дəруменді зат алу екен. Өн бойы толған идея. Ісінің бəрі ізденіс. Қиялы қызық. Ойлай келе: «Ел ішіндегілер Серғазы секілді инновация иесіне еліктесін. Ал жазғанымыз жігітімізге жарнама болсын», – деп осы дүниені тудырдық.

Авторы: Жанболат Аупбаев, фото: wholefoodsmagazine

0

Транскрипция шырмауында

$
0
0

Тұмау гендері ДНҚ-ға ұқсағанымен, оқылуы қиынырақ рибонуклеин қышқыл кодымен белгіленеді. Ғалымдар РНҚ-ны ДНҚ-ға көшіріп жаза алағынмен біраз ақпар жоғалып жүрді. Енді тұмау гендерін тікелей оқуға жол ашылды: РНҚ электрленген мембрананың титімдей тесігінен өтіп бара жатқанда ағындағы кедергілер оның молекулалары мен гендерін анықтауға көмектеседі.

Авторы:  Т.Макемер


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0

Қарғалар да қайғырады

$
0
0

Уашингтон университетінің зерттеушісі Кайли Свифттің айтуынша, жақындары жан тәсілім еткенде қатты қайғыратындардың бірі – қарғалар. «Қарға өлгенде, айналасындағылары жиналып, қатты қарқылдайды», – дейді ол. Бұл қандай қауіптің алдын алу керектігін ескертудің бір жолы болса керек. Гормондар мінезді құбылтып отыратын ұрықтану уақытынан басқа кездері олар қарға өлген жерге жақындауы екіталай.

Авторы: Лори Кутберт


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0

Кэйтидің жаңа жүзі

$
0
0

Операция алдындағы кеш. Бүлінген беті «реконструкцияланған» Кэйти жаңа бет-әлпетке ие болатындығына қобалжулы екендігін ыммен білдірді. Ол өзін еркін сезінген осы сәтті Рональд МакДональд үйінде танысқан құрбысы Диана Доннарумма мен Карни Вейдпен бөлісуде.

Бұл оқиғаға бейқам қарау оңай емес. Десек те, осы бір қыздың бет трансплантация операциясы туралы айрықша әңгімемізді оқуға шақырамыз. Өйткені бұл оқиға бүкілімізге өнеге болуы тиіс! Адамның бет-жүзі эмоциялар калейдоскопын көрсетіп, оның иесі туралы сыр шертеді.  Бұл – біздің сенсорлық әлемге ашылатын есігіміз, ол көруге, иіскеуге, дәм татып, естуге және самал желді сезінуге мүмкіндік береді. Он сегіз жасында Кэйти Стаблфилд бетінен «айырылып» қалды. 21 жасқа келгенде дәрігерлер Кэйтиге жаңа жүз «қондырды». Әңгімеміз жанды жаралаған жарақат, даралық, сабыр, жігер мен таңғалдырар медицина ғаламаты туралы болмақ.

Хирургиялық жолмен кесіп алынған көздері жұмулы, аузы ашық күйінде жатқан адам беті.

Он алты сағат бұрын Кливленд клиникасында хирургтер одан үш күн ерте құқықтық-медициналық түрде өлі деп жарияланған 31 жастағы әйелдің бетін алуға арналған күрделі операцияны бастаған-тұғын. Артынша олар осы бет-әлпетті 21 жастағы қызға «орнататын болады». Соңғысы үш жыл бойы осыған зәру болып келді.

Кенет үнсіздік жайлаған хирургтер, дәрігер-практикант пен медбикелер әлгі бет-әлпетке қадала қарап қалған. Қан жүгірмеген жүз семіп барады. Тәннен ажыраған уақытынан соң өткен әр секунд сайын ол әлдебір ХІХ ғасырдағы «өлім маскасына» көбірек ұқсайды.

Пластикалық операцияда тәжірибесі мол ардагер маман Франк Папей хирургиялық тақтайшаны қолғап киген қолымен еппен алып келеді.

Кэйти Америка Құрама Штаттарында бет трансплантациясы жасалған ең жас пациент болмақшы. Бұл – осы клиникадағы осындай үшінші әрі әлемдегі қырқыншы ең ұзақ операция. Осы эксперименталдық операциядан кейін Кэйти қалған ғұмырында зерттеу субъектісі болып қалады.

Ұжым мүшелері сыпырылған беттің екі өмір арасындағы күйін құжаттап жатқан кезі. Охайо штатындағы Кливленд клиникасында трансплантациялау операциясы он алты сағатқа созылып, хирургтер бетті донордан «шешіп алудың» күрделі тапсырмасын аяқтады. Жұмыстың көрінісі мен тым күрделілігінен топ кенет үнсіздікке шомды. Енді хирургтерді бұл бетті Кэйти Стаблфилдке «орнату» үшін 15 сағаттық операция күтіп тұрған болатын.

Жүзге көз салған Папейдің бойын әлдебір құрмет сезімі шарпып өтті. «Мына ғаламатқа қараңыз, кей адамдар басқалары үшін жақсылық жасап, жүрегін, өкпе-бауырын, тіпті бетін де басқаға береді» – деп ойлады ол. Ол ішінен алғыс-батасын айтып, қолындағы бет-әлпетті келесі «өмірімен» қауыштыруға асықты.

Біз жаратылыс ішіндегі эксклюзивті топ мүшесіміз: айнаға қарап өз жүзімізді танимыз. Бізден басқа тіршілік иелері арасынан адам тәріздес приматтар, Азия пілдері, Еуразия сауысқаны мен афалиналар ғана өз-өздерін тани алады. Өзінің шағылысқан бейнесіне қарағанда адамдар ғана толқу-таңданыс сезімін білдіреді.

Бетіміздің әжім-қатпарын мұқият қараймыз да, оның қандай да бір өмірдің тартуы екенін байқамаймыз. Олар тұлғалықты айқындап даралайды, эмоцияларды көрсетеді, мән-мағынаны жеткізеді, өмірге қажетті қарапайым функцияларды орындайды және сезіміміз арқылы өмірдің дәмін таттырады.

Біз бет-бейнені іздеп туамыз. Ана құрсағынан шыққан алғашқы сәттерінен шақалақ адам бетіне қарай бұрылады. Сәбилер бетіміздегі мимикаларды бақылап, оларды қайталайды. Адамның беті туралы осы жіті зерттеу – бәріміздің қызығушылық тудыратын мәселені түсінуіміздің алғышарты.

Донордың беті Кэйтиге толықтай орнықтырылғаннан кейін хирургтер оның маңдайын теріге сызылған сызық бойымен кесе бастады. Оның мойнынан бастап, қан тамырларын, сүйектері мен жүйке талшықтарын жалғау операциясы жалғасты. Қан тамырлары мен жүйке талшығын жалғау үшін микрохирургтер адам шашындай ғана жіпті пайдаланады.

Біздің бетіміз – бұл өзіміздің ішкі сезімімізге, яғни кім екеніміз бен мына өмірдегі орнымызға жалғайтын сыртқы образымыз. Кей қоғамда адам беті тұмшаланып, жасырылады. Кейбірі – татуировка мен тыртық салу арқылы бетіне назар аударуға тырысады. Қазіргі заманда адам беті суретші кенебіндегі бояудай пластикалық операция мен косметика арқылы құбылта беретін күйге жеткен. Біздің бетіміз өмір тарихымызды баяндайды. Бетіміз бізді ата-бабамызбен, ұрпағымыздың болашағымен байланыстырады.

Жеке бастың ең қарапайым деңгейінде бет-жүзіміз басқалар үшін төлқұжатымыздағы фото қызметін атқарады. Бірақ сонымен бірге ол – басқалар үшін бізді жақынырақ танудың әрі сол фотоның ар жағында кім тұрғанын анықтаудың жолы.

Айнаға қараңыз. Бетіңіз арқылы не істеуге болатынын ойлап көріңіз. Өзіңіз жақсы көретін адамдарды сүйе аласыз, алманы тістеп, ән шырқайсыз, күрсініп те, жаңа шабылған шөптің иісін сезіп те, жаңа туған сәбиіңізге де қарай аласыз. Сезімдерімізді білдіруден бөлек, тіл арқылы сөйлесу қабілетімізді қолдануға бетіміз көмектеседі. Парқына бармастан сөйлесе отырып, сансыз бет қимылын құбылтамыз.

Енді сол таңдай қақтырар беттің астында не болатынын елестетіп көрейік. Эмоцияларды шығарып, сөйлеуді орындау үшін 43 миметикалық бұлшықетіміз жұмыс істейді. Бетіміздің екі жағында төрт негізгі бұлшықет бар. Олардың көмегімен жағымыз қозғалады. Одан бөлек жұтуға және сөйлеуге көмектесетін кешенді тілдік бұлшықетіміз бар. Сондай-ақ бетіміз қан тамырларының қабаттарынан, сезу мен моторикалық жүйке талшықтарынан, шеміршектерден, сүйек пен майдан құралады. Бас сүйек жүйкелері моторикалық бұлшықеттерді басқарып, сенсорлық ақпарды миға тасиды. Осы арқылы біз көреміз, естиміз, иіс пен дәмді ажыратып, теріге тигенді сезінеміз.

31 сағаттық процедура аяқталды. Практикант-хирург реанимация бөлімінде жатқан Кэйти басының қозғалмауы үшін еппен бекітуде. Көзді қорғау үшін оның көз қабағы жабылған күйде тігілді. Трансплантациялау операциясы аяқталғаннан кейін Кэйтиге әлі де қосымша операциялар мен сауығу үшін ұзақ уақыт қажет.

Қайтадан айнаға қараңыз. Бетіңізге көз салыңыз.

Ал, енді одан айырылсаңыз не боларын ойлап көріңіз.

Бетінен айырылған кезде Кэйти небәрі 18 жаста еді. Бұрынғы фотоларына көз салсаңыз күлімсіреп тұрған өзі жас, өзі сұлу аққұба реңді қызды көресіз.

«Мен ешқашан өзімді сұлумын деп ойлаған емеспін», – деді ол маған бір күні. Анасы Алесия бұған таңданбады: «Кэйтидің басқаға мейірімі зор, бірақ өзіне сынмен қарайтын жан».

Әпкесі Оливия МакКей: «Кэйти қорқу дегенді мүлде білмейтін әрі жүзінен күлкі кетпейтін», – деді маған. Ол айналасындағылармен әзілдеп сөйлескенді жақсы көретін. Бұл ағасы Роберт екеуіне тән қасиет еді. Бірақ есейген сайын Кэйти жетістікке жету үшін өзін аямайтын. «Ол тіпті айналысып көрмеген спорттың барлық түрінен ең үздік болуды қалайтын, – дейді Оливия, – оқуда да озат болғысы келді».

Кэйти жоғары сыныпқа ауысқан кезде оның отбасы екі рет қоныс аударды. Олар Кэйти өскен Флорида штатынан Кентуккиге көшті. Бір жылдан кейін, яғни Миссипиге көшерде Кэйти Кентуккиге үйренісіп қалған болатын. Педагог әрі дін қызметшісі болған әкесі Робб пен Алесия шағын христиандық академияға мұғалім болып орналасады. Кэйти 11-сынып оқушысы болып қабылданып, өзінің сыныптасына ғашық боп қалады. Олар отбасын құру туралы сөз ете бастайды. «Ол сол жылы тез бойжетті, екі рет көшкеннен кейін ол тұрақтылық пен жүйелілікке дайын болды деп ойлаймын», – дейді Оливия.

Кэйтидің бет трансплантациясына 1 жыл, 1 күн қалды. Көктем. Кэйти әке-шешесімен бірге Кливленд клиникасы маңындағы саябақта жатыр. Мүгедек арбасына таңылған ол саябақ кезгенді ұнатады. Бұл Кэйтидің ауруханада бір ай жатып, сыртқа енді шыққан кезі еді. Көзді қайта орнына келтіру үшін оған медицинада «дистракциялық құрылғы» деп аталатын аппарат орнатылған. Соңғы үш жыл ішінде ол он-он бес рет ауруханада жатып шықты.

Мектептің соңғы жылында Кэйтидің өмірі астаң-кестең болды. Бір жыл бұрын ол соқыр­ішектен операция болып, ол асқынып, өт қабын алып тастауға тура келді. Араға екі ай салып мектеп директоры келісімшартты жаңартпайтынын айтып, аяқ астынан Алесияны жұмыстан шығарады.

Артынша 2014 жылдың 25 наурызында Кэйти жігітінің телефонынан басқа қызға жазған хатын оқып қояды. Жігітінен мұны түсіндіруді талап еткен кезде ол қарым-қатынасын үзіп кете барады.

Ашу пен ызаға булыққан Кэйти Робертке барып долдана хабарлама жазып, мазасы қашады. Роберт анасына қоңырау шалады. Екеуі сыртта Кэйтидің жағдайы туралы сөйлесіп отырғанда Кэйти жуынатын бөлмеге кіріп, Роберттің аңға шығатын мылтығын алады да жағының астына тақап, шүріппені басып жібереді. Роберт қарындасын қанға малынған күйде көреді. «Бетінен сау-тамтығы қалмаған еді», – деп ол осы жайтты еске алды. Уақыт өтсе де жан жарасы әлі жазылмаған.

Сол оқ оның бет-жүзін ұрлаған кесірлі ұрыдай болды. Кэйти маңдайының жартысынан, мұрнынан, екі ұртынан басқа аузынан, төменгі және үстіңгі жағынан, сондай-ақ бетінің алдыңғы бөлігінен тұтас айырылды. Көзі орындарында қалғанымен қылиланып, қатты жарақат алды.

Кэйтидің бес аптадан кейін Кливленд клиникасына келгендегі жағдайы осы еді. Оның алғашқы операциясы Теннесидегі клиникада жасалып, сол жерде дәрігерлер оны аман алып қалады. Алайда олардың үңірейген жараны оның асқазанынан алған тіндік трансплантантпен жабуға тырысқан әрекетінен түк шықпады.

Кэйтидің бет трансплантациясына 1 жыл, 2 күн қалды. Алесияның ауруханада жатқан Кэйти үшін арнаған бір күні оны тамақтандырып, аузын сүртіп, күтумен өтеді. Кэйти арнайы кесемен ішетін, өйткені еріні болмағандықтан сұйықтың аузынан ағып кетпеуін қадағалауы қиын еді. Көзін бір-біріне жақындату үшін дәрігер күнде келіп, дистракциялық құрылғыны бұрап кететін. Ол құрылғы беттің ортасындағы сүйекке бекітілген.

Осы клиникада Кэйтиді қараған бірінші дәрігер Браян Гастман оны қоларбаға көтеріп жатып, «аман қалар ма екен» деп ойлады. Ол сондай кішкентай еді. Аман қалғанның өзінде істелінуі керек барлық реконструктивтік операция үшін денесінен жеткілікті тін шығар-шықпасы екі талай еді. «Оның миы физикалық ортаның ықпалына қауқарсыз болып қалды, яғни конвульсия, инфекция мен басқа да проблемалар туындауы оңай еді», – деді Гастман.

27 жылдағы білімі мен тәжірибесінде бұл оның бет жарақаттары ішіндегі ең қауіптісі әрі қорқыныштысының бірі болды. Бетіндегі жарақатты айтпағанда оқтың маңдай бөлігіне, көру жүйкесі мен гипофизге тиген жойқын күші бассүйек пен миді зақымдаған. Гипофизге келген зақым салдарынан гармондар мен натрий деңгейі қалыптан тыс артты. Бұл өлімге дейін апаруы мүмкін. Кэйтидің күтімін мойнына алған Гастман пациенттің ауруын емдеу үшін эндокринологиядан бастап, психиатрияға дейін әр саланың 15 маманының басын құрады.

Трансплантацияға дейін 9 ай, 21 күн қалды. Түскі асқа сорпа берілді. Көру қабілеті шектелгендіктен, ол аузын әрең табатын. Жуырда ғана операция жасалғандықтан оған көп тамақ жеуіне тыйым салынды. Дәрігерлер көздің орналасуын жақсартқан дистракциялық құрылғыны алып тастады.

48 жастағы Гастман бас, мойын, тері мен қауіп-қатер деңгейі жоғары тіннің қатерлі ісік ауруларының алдын алуға маманданған. Пластикалық хирург ретінде ол ісікті алып, қалпына келтіру-сауықтыруды қадағалаумен айналысады. Робб пен Алесия дәрігер Гастманның Кэйтиге өз қызындай қарағаны туралы айтады. «Алдымен айтарым, өз отбасымнан біреу болсын, Кэйти болсын, сезімтал, эмоционалды адамдардың қатарынан емеспін, – дейді ол сақтықпен, – бірақ Кэйтидің алдындағы жауапкершілікті сезінемін. Мен осы үшін дәрігерлікті таңдадым, оқыдым».

64 жастағы Папей Дерматология мен плас­тикалық хирургия институтын басқарады. Бет трансплантациясы бойынша көп жылғы еңбек өтілі оны топтың ішінен тәжірибе мен даналық тұлғасы ретінде ерекшелейді.

Трансплантацияға дейін 6 ай, 4 күн қалды. Кэйти көру дәлдігін тексеретін құралды ұстап отыр. Кливленд клиникасының оптометрисі Роберт Энгель қасаң қабығын тексеріп, оның бір көзіндегі жылжып кеткен көз линзасын ауыстырды. Ол Кэйтидің қабағын көздің ішіне қарай қайырылған кірпіктерден қорғайды.

«Адамдар бізді косметик деп ойлайды, – дейді ол, – бірақ пластикалық операция мен бет трансплантациясында біз – инноватормыз, біз – адам жүзін ретке келтірушіміз».

Көптеген операция курсы ішінде Гастман мен дәрігер-мамандар тобы Кэйтидің жағдайын тұрақтандырып, бетін «жамады». Олар шытынаған сүйектерді қалпына келтірді. Мұрын қуысын жасап, миын қорғау үшін жасанды мұрын жасап, сан тінінен жоғарғы ернін салды. Иегі мен төменгі ерні үшін өкше сіңірін пайдаланды. Дәрігерлер титан мен ет жалғанған фибуладан оның төменгі жағын құрастырды. Көздерін бір-біріне жақындату үшін Кэйтидің бассүйегіне дистракциялық құрылғы қойды.

Трансплантацияға дейін 6 ай, 3 күн қалды. Кэйти осы клиникада беті ауыстырылған алғашқы екі пациентпен жолықты: олар – Шон Фидлер мен Конни Калп. «Қорқу сезімі – қалыпты нәрсе. Бәрі жақсы болады, тек уақыт керек», – деді Фидлер. Ал Калп: «Уа­йымдама! Бетіңе әжім түсіп кетпесін», – деп әзілдеді.

Кэйти бұл түрін ешқашан көрген емес. Бірақ қолымен сипап-сезу арқылы шамалайды.

Ол өзінің бұл түрін «Шрек» деп атайды.

Кэйти үшін 2014 жыл қиын жыл болды. Оның өз-өзіне қол жұмсаған әрекеті мен артынан болған операциялардың ешбірі есінде жоқ. «Бұрын ешқашан маған ондай ой келген емес. Жағдайды естігеннен кейін не істерімді білмедім, – дейді ол, – отбасымды осындай жағдайға душар еткенім үшін өзімді сондай кінәлі сезінемін».

Робб пен Алесия клиника жанындағы Рональд МакДональд үйінің қолдан жасалған асүйі бар студия көлеміндегі бөлмесіне көшті. Бет трансплантациясын зерттеу үшін клиника оның күтімінің көбін федералдық бюджеттен төледі. Күнделікті шығындар үшін туған-туыстары мен достары ақшалай көмектесіп, қаражат жинады. Робб бір реттік уақытша жұмыстармен айналыса бастады.

Кэйти олардың тұрақты жұмысына айналды. Ол ауруханада болған кездері отбасыдан кемі бір адам әрдайым оның жанынан табылатын. Ауруханада болмаған кездері олардың күндері дәрігердің тағайындаған емімен, сауықтыру шаралары және Кэйтиге көмектесе алатын әлдебір жаңа нәрсені іздеумен өтетін. Ине терапиясы. Массаж. Мануалдық терапия. Жеке жаттықтырушы. Диетолог. Музыкалық терапия.

Трансплантацияға 6 ай, 1 күн қалды. 21 жасқа толған күн. Торт та, шам да бар. Өзгелердің оның түрі туралы сыбыр­ласқанын байқаса да, олар отбасы болып мейрамханаға баратын. Ол көбіне мұңға батып, түк естімегендей сыңай танытатын.

Мен Кэйтимен алғаш рет ем алып жүрген кезінде – пластикалық хирургия бөлімінің күту залында әке-шешесімен отырған кезде кездестім. Бұл оқиғадан кейінгі екінші жыл болатын. Мынау – заманауи медицинаның көптеген оғаш «қиылысының» бірін білдіретін үлкен жарық бөлме. Мұнда бетінде ауыр жарақаты мен тыртықтары бар пациенттер ботокс жасатуға келген клиенттермен бірге өз кезектерін күтеді.

Кэйти бетінің төменгі бөлігіне хирургиялық маска киіп, ашық түсті бас шарфын тағыпты. Ол қолымнан ұстап, жақсы көңіл күймен: «Сәлем!» – деп айтты. Әңгіме барысында оның осы жерде өзін толықтай қолайлы сезінетіні көрініп тұрды. Бәлкім, сол жердегілердің қай-қайсысы болсын өзінің бет-әлпетіне көңілдері толмайтындығынан шығар.

Робб «Биг Мак» деп атайтын олар тұратын үйге барған кездерімде Кэйтидің тек артқа қарай иілген креслода отыратынын байқадым. Алесия оның қасынан ұзамайтын.

Трансплантацияға 9 ай, 22 күн қалды. Кэйти мен әкесі «Have I Told You Lately That I Love You» әнін шырқап, би билеуде. «Бұған дейін мен ата-анаммен осыншалық көп уақыт өткізіп көрмеппін», – деді махаббат пен мейірімге бөленген Кэйти. Ал әкесі: «Өмірде бізді құзға тастап, тәнімізді паршалайтын жайттар болады. Бірақ біз сол жерден бастап жаңа өмір бастаймыз деп ойлаймын».

Кэйти ара-тұра пікірін білдіріп не әзіл айтып, отбасы сипаттаған күлкілі Кэйтиді еске салып қояды.

Бір күні біз дін туралы сөйлескенбіз. Олардың отбасы үшін бұл жат тақырып емес-тұғын. Кэйтидің басына келгені олардың иманына соққы болғанымен, сенім жоғалған жоқ. Алесия эмоцияға ерік берген сәтте Робб интеллектуалдық дискуссияға қарай тартады. Алесия сезімге булыққанда Робб оған аяулы көздерімен қарайды.

Осындай кештердің бірінде Алесия маған Кэйтидің басына бәле келеді деп үш ұйықтаса түсіне кірмегенін айтты. Иә, Кэйти сезімтал болатын, меланхолик, бірақ сонымен бірге ол юмордан құралақан емес болатын.

Не нәрседен қателік жіберді? Алесия қызының тәрбиесінде «кемшілік жіберген мен» деген оймен өзін кінәлаудың азабына жиі түсіп кететін. Бір нәрсе оның ойынан шықпай қойды: өз-өзіне қол жұмсау – импульсивтік әрекет.

«Осы бір сәт… Бір ғана мезет бүкіл өмірімізді өзгертті», – дейді Алесия.

Соншалықты алысқа бармай-ақ, 2004 жылдың өзінде Кэйтидің «Шрек» деп аталған бет-әлпетіне жасалған қалпына келтіру операциясы соншалық ауыр жарақат алған адам үшін қолдан келген теңдесіз араша болатын. Бұл ең қабілетті деген пластикалық хирургтің ең биік деңгейі болатын.

Бір жылдан астам уақыт күткеннен кейін донор табылды: Адриа Шнейдер. Сандра Беннингтон көз жасын тыя алмай Адриа туралы әңгімелеп отыр. «Анасы, яғни менің қызым есірткіге әуес болып, Адрианың ағзасында туғанынан есірткі болған», – деді Сандра. Ол қайтыс болардың алдында есірткі тәуелділігінен айықтыру орталығында емделген. «Ол келген кезде біз апалы-сіңлілі адамдардай күліп-ойнап отыратын едік».

Бұл жағдай 2005 жылы өзгерді. Сол жылы француз хирургтері әлемдегі тұңғыш жартылай бет трансплантациясы операциясын жүзеге асырды. Алайда мұны жүзеге асыруға болатынын көрсетіп, көп жылын зерттеуге арнап, ақыр аяғында осы процедураны алғаш қолға алған Кливленд клиникасының ғалымы еді.

Бұл жобаға 1995 жылы клиникаға келген Мария Семеньев жетекшілік етті. Ол – 2004 жылы осындай ота жасауға ресми мекемелік рұқсатқа ие болған дүниедегі алғашқы маман. Төрт жылдан кейін осы клиниканың хирургтер тобы, соның ішінде Мария Семеньев те бар, Америка Құрама Штаттарындағы алғашқы бет трансплантациясы операциясын жүзеге асырды.

Қазір Чикагоның Иллинойс университетінде істейтін Мария бет трансплантациясы туралы алғаш 1985 жылы Мексикада қайырымдылық шарасы кезінде ойлағанын айтады. Ол жерде Мария қатты күйгеннен саусақтары еріп кеткен кейбір балаларға операция жасаған.

«Санамның түбінен олардың қолына ота жасай алатын болсақ, неге бет-жүзге жасамасқа деген ой келді», – деді ол маған.

1954 жылы алғаш адам бүйрегі ауыстырылып салынғаннан бері дәрігерлер адамның ішкі органдарын трансплантациялау операцияларын табысты жасап келеді. ХХ ғасырдың соңына таман васкуляризация­ланған композиттік аллотрансплантант, яғни бет, қол мен адам денесінің басқа да бүтін емес органдарын трансплантациялау термині пайда болды. Алайда адамның бетін сол күйі трансплантациялау көпшілік үшін тым ұғынықсыз түсінік еді.

Кэйтидің бас дәрігерлері Браян Гастман мен Франк Папей оның иегін, қастары мен маңдайын сақтай отырып, жартылай трансплантация жа­сауды жоспарлаған болатын. Алайда операция барысында олар Кэйтидің түрі бұдан да жақсырақ болатынын түсінді, өйткені донордың беті үлкенірек әрі тері түсі қоңырқайлау еді. Мұның қалай көрінетінін ата-анасына көрсету үшін, Гастман мен Папей Кэйтиді «жаңа бетімен» фотоға түсіріп алды.

Медицина саласындағылардың көбі бұған мысқылмен қарағанмен, Семеньев жүздеген тәжірибе жасай отырып, дегеніне жақындады. Ол хирургиялық әдістер мен анастомоздың жалғау-тігу үлгілерін, яғни екі тамыр не жүйкені қосу тәсілдерін сынақтан өткізіп, трансплантантты қабылдамау жағдайын болдырмау үшін жаңашыл иммуносупрессивтік стратегияларды ойлап шығарды. Егеуқұйрыққа жаңа бет салу арқылы жануар бетін трансплантациялау операциясы табысты орындалғанын алғаш жариялаған осы – Мария Семеньев.

2002 жылға қарай дәрігерлер мен зерттеушілер енді бұл пікірмен санасатын болды. Британдық медицина журналы «Лансет» «Бет трансплантациясы: қиял ма, әлде болашақ па?» тақырыбында мақала жариялады. «Концепция есеңгіретерлік болуы мүмкін», – деп жазады мақала авторлары. Дегенмен бет трансплантациясы, олардың айтуынша, болашақта ықтимал нәрсе болудан қалып, хирургтер үшін міндетке айналуы әбден мүмкін.

Этиктер өлшеп-тартып, көбі бет трансплантациясы арқылы пациенттердің өмірін жеңілдетеміз деп жүргенде олар үшін көптеген қауіп-қатер тудыратынын алға тартты.

Сондай-ақ дененің көзге көрінетін бөліктерін трансплантациялау жұртшылықтың биотехнологиялық инновацияларға қатаң эмоционалдық реакциясымен қатар жүреді. Бәрін қойғанда, трансплантацияланған жүректі ешкім көрмейді, тіпті пациенттің өзі де. Бет транспланциясы 1997 жылы шыққан «Бетсіз» (Face/Off) триллерін еске салады. Фильмде Федералдық тергеу бюросының агенті Джон Траволта мен террорист Николас Кейдждің беттері ауысып кетеді.

Папей пластикалық хирургия институтының төрағасы болғаннан кейін Марияға барып, оған операцияны жасауға ұсыныс еткенін айтты.

Операция бөлмесінен шыққан дәрігерлер Алесия мен Роббқа жаңа ғана түсірілген фотоларды көрсетіп, донордың бетін түгел салудың артықшылығы мен кемшілігін түсіндірді. Бетті толық орнатса, жақсырақ көруге, яғни Кэйтиге әлеуметтік ортада өзін жайлырақ сезінуге мүмкіндік бар. Бірақ осыншалық көп мөлшердегі теріні трансплантациялау ағзаның оны қабылдамау қатерін арттырады.

«ОПЕРАЦИЯ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА!» – деді Гастман 2017 жылдың 4 мамырында Кэйтидің бөлмесіне кіріп келе жатып. Ол түннің көп бөлігін соңғы әзірлікті жасаумен өткізіп, тыным таппады.

Кэйтидің еріндерінен қалған болар-болмас екі шеткі бөлік езу тартуы үшін жоғары тартылды. Ақыры ол жаңа жүзге ие болмақшы.

Гастман Кэйтиге бұл қадамға тек өзі үшін емес, болашақтағы өзі сияқты басқалары үшін де барып отырғанын айтты. «Әр осындай жағдай арқылы біздің тәжірибеміз кеңейе түседі. Ал сенің жағдайыңда біз бұрын жасалған 39 бет трансплантация операциясынан жақсырағын жасайтын боламыз, өйткені біз көп нәрсе үйрендік», – деді ол.

Сақтандыру компаниялары бет трансплантациясы операциясы үшін ақша төлемейді, өйткені мұндай операция әлі де тәжірибе түрінде болып есептеледі. Қорғаныс министрлігі АҚШ Қарулы күштерінің сауықтыру медицина институты (ҚКСМИ) арқылы осы операцияның орындалуына септігін тигізді. Аталған институт қол трансплантациясы операцияларына қолдау көрсетеді.

2008 жылы құрылған Әскери және жеке институттар консорциумы трансплантация, тін мен сүйек регенерациясы, сондай-ақ жаңа иммуносупрессивтік терапия әдістері жөніндегі зерттеулерді қарқынды жүзеге асыруда. 2015 жылы жарияланған ғылыми-зерттеуде Ирак пен Ауғанстандағы 4000 сарбаз бетінен жарақат алғанын, олардың ішінде 50 сарбаздың жарақаты тым ауыр екені айтылады.

Кливленд клиникасына 4,8 миллион АҚШ доллары аударылды, оның екі миллионы бет трансплантациясын зерттеуге арналған. Мария Семеньев үміткерлермен сөйлескен болса да, бүгінге дейін ешбір әскери қызметкерге бет трансплантциясы жасалған емес. Марияның айтуынша, олар операциядан бас тартқан. «Олар – мінезі тастай қатқан адамдар, олар үшін жарақат ізі – ерліктің белгісі. Сарбаздар әскери қызметте қалғанды қалайды», – дейді Семеньев. Ал өмір бойы иммуносупрессияны талап ететін бет трансплантациясы олардың бұл қалауына тұсау болар еді.

Кэйти адам ағзасын зерттеудің ерікті субъектісі бола алғанға дейін Гастман, Папей мен клиникадағы өзге мамандар Стаблфилд отбасына Кэйти үшін жаңа жүз «орнатудың» не нәрсе білдіретінін түсіндіруге бірталай сағат уақыт жұмсады.

«Функцияларды – тамақ жеу, сөйлеу, мұрын арқылы тыныстау, көз жыпылықтату қабілеттерін қалпына келтіру сыртқы түрден әлдеқайда маңызды», – деді Папей маған. Осы айтылған сөз осындай ыңғайсыз тақырыпты көтеруіме түрткі болды. Бет транплантациясы жасалған пациенттердің көбі көрікті көрінбейді. Олардың беттері мұз болып қатқан маскадай әрі кішкене қисық сияқты көрінеді. «Мен шамадан тыс сыншылмын ба?» – деп сұрадым.

«Жоқ. Сіз шындығын айтып отырсыз. Сіздікі дұрыс деп ойлаймын, – деді ол, – олардың түрі ешқашан бұрынғы қалпына келмейді. Көпшіліктің алдына шыға алады, бірақ бұрынғыдай көріне ме? Жоқ. Тыртыққа толы түрлеріне қарағанда жақсырақ көрінеді, алайда қаншалықты деңгейде? Ол құбылмалы келеді». «Олардың қалай көрінеміз деген уайымдарын сейілту – қызметкерлеріміздің ең ауыр жұмысы», – деді Папей.

Трансплантациясына 1 жыл, 9 ай, 18 күн қалды. Кэйтидің отбасы оның жаңа келбетіне үйренуге міндетті. Өйткені бұл дәрігерлердің қажырлығын талап еткен еңбек. Оның басынан кешкенді түсіну үшін осы келбетке бір-ақ рет көз тастасаңыз жетеді. Алайда өзі «Шрек» деп атаған мұндай түрмен өмір сүру – үлкен арпалыс. «Өзгелер маған циклоп не әлдебір құбыжыққа қарағандай болады», – деді ол.

Психиатр Коффман үміткерлерді процедураға іріктеп өткізумен айналысады. Оның міндеті – пациенттердің психологиялық тұрақтылығын, барлық қатер пен белгісіздікті түсінулерін, медициналық режимді ұстанулары мен олардың саналы келісімдерін алу. Коффман – сабырлы терапиялық қасиеті бар жан және Кэйтиге ерекше қамқорлықпен қарайды. Кэйти ауруханада болған күндері оның палатасына соқпай өтпейді.

«Өз-өзіне қол жұмсау мәселені күрделендіре түседі», – дейді Коффман.

«Бұл бізге ауыр жүк арқалатады. Кэйти қайтадан осындай қадамға бармай ма?» – деп сұрадым Коффманнан. Ол: «Иә, – деп жауап берді. – Меніңше оның мінезі тұрақтанды. Сол уақыттан бері қандай да бір өз-өзіне қол жұмсау туралы сөз қозғаған емес». Бірақ ол Кэйтидің импульсивті эмоциямен әрекет еткенін атап өтті.

Коффман мен басқа мамандар қатерді алдын ала анықтап қойды. Олардың ішіндегі ең үлкені –трансплантантты қабылдамау ықтималдығы. Тұтас орган трансплантациясына қарағанда бетті ауыс­тыруда көптеген тін, бұлшықет, жүйке мен қан тамырлары, сүйек пен тері қатысты болғандықтан қауіп деңгейі де жоғарырақ. Кэйти өмір бойы әсері күшті имминосупрессивтік дәрілерді ішіп тұруға келісім беруі керек болады. Ал бұл оны инфекциялар мен ауруларға қарсы әлсіздендіре түседі.

2016 жылы Парижде өткен конференцияда Коффман бет трансплантациясы тобының бір мүшесі мораторий жариялауға шақырғанын естіген. Ағзаның трансплантантты қабылдамауын болдыртпайтын дәрі-дәрмектің салдарынан пациенттер күткеннен зор қиыншылықтарға тап келіп, кейін тағы да операциялар қажет болған. Өлім деңгейі де артқан: бірдей уақытта трансплантация жасалған 36 пациенттің алтауы көз жұмған. Коффман қайтып келген кезде Кэйтиге күте тұруды ұсынған. «Ол қауіп-қатер мен өлім ықтималдығын түсінетінін айтып тұрып алды», – дейді Коффман.

Коффман мен басқа мамандары Кэйти мен оның ата-анасына операцияның эксперименталды әрі таңдамалы екенін қайта-қайта түсіндірумен болды. Бірақ Кэйти операцияға таңдамалы деп қарамады.

Таңғы 7:30-да 11 хирург бөлмеге жиналды. Ақырғы тексеріс ретінде Гастман жазылған тақтаға жапсырылған тексеру парағын мұқият қарап шықты. Гастман мен Папей клиниканың бет трансплантациясындағы жетістігі оның топтық жұмыс істеу әдісінің арқасы екенін атап өтті. «Топ ретінде біз ұжымдық даналыққа иеміз», – дейді Папей. Бірнеше айдың ішінде әр екі апта сайын хирургтер клиниканың мәйіттер зертханасында практикадан өтеді: бір топ – «донордың» бетін сылып алса, екінші топ – сол бетті «пациентке» салады.

Донор операция үстеліне әкелінді. Желдеткіш оның органдарын «тірі» сақталуы үшін бет маскасы арқылы оттегі беріп тұрды. Оның терісі жылтыр, қоңырқайлау екен. Мұрны сүйірлеу, шашы қара. Адам органдарын сатып алатын ұйымның өкілі топқа донордың беті алынғаннан кейін хирургтар оның бауырын, бүйректері мен өкпесін, сондай-ақ зерттеу үшін жатырын алуды күтіп тұрғанын айтты.

Алдымен бет хирургтері іске кірісті. Алайда егер донордың жағдайы ауырлай бастаса, басқа хирургтер донорлыққа берілген органдарды алуы үшін бұл топ өз жұмыстарын тоқтатады.

Сағат таңғы 8:17-те Гастман донорға бірінші боп пышақ тигізді, ол донордың тамағына оттегі түтікшесін кіргізу үшін тесік жасады. Бет маскасы алынғаннан кейін медбикелер донордың бетін тазалап, операцияға дайындады. Гастман беттің төменгі жағы мен бір құлағынан екіншісіне дейін сызық сызып, алдын ала белгілеп қойды. Бұл – скальпельмен кесу жеңілірек болуы үшін қажет процедура. Алдағы 16 сағатта төрт хирургтің үшеуі – бәрі де көздеріне оташы көзілдірігін киген күйінде донордың үстінде иіле жұмыс істейтін болады. Олардың айналасында практикант-дәрігерлер әр қимылды бақылап тұрды.

Алдымен хирургтар көздің мүйізгек қабығын қалпына келтіру үшін донордың көздерін шығарып алды. Артынша олар бассүйек пен ми жүйкесін оқшаулап, мұқият кесіп алуға арналған ұзаққа созылған жұмысты орындады. Бұл жүйкенің бет сезімдерін білдіретін бұлшықеттерді басқаратын моторикалық талшықтары мен тілдің дәм сезінуіне, түкіруге, сондай-ақ жылауға мүмкіндік беретін бездерге қызмет ететін сенсорлық талшықтар болады.

Трансплантациядан кейін 1 жыл 29 күн өткенде. Кэйти көзін жұма алады, мұрнын шүйіріп, ернін жиыра да алады. Хирургтер оның төменгі жағын сәйкестендіріп, жақын арада тыртықтарды азайтатын, сондай-ақ көз қабақтарына да ота жасамақ. Оның беті өз функцияларын қалпына келтіруді жалғастырады. «Бұл менің қалыпты бетіме ұқсамаса да, бұл менмін», – дейді Кэйти.

Одан кейін Кэйтиге салу үшін Папей үстіңгі жақты түгелдей, ал төменгі жақтың бір бөлігін, бет сүйектің көбін, шеке қуыстары үстіндегі маңдай сүйектің бір бөлігі мен көз ұяшығының түптерін, оның айналасындағы көзжас сүйектерін кесіп алды. Сүйек көрінетін жерлерде ол түрлі араларды пайдаланды.

Ақыр соңында олар қан тамырларына көшті. Беттің қансыз қалу уақытын барынша азайту үшін бұл әрекет ең соңынан жасалады. Олар көктамыр мен күретамырды ажыратып, Кэйтидің тамырларымен байланыстыру үшін белгілеп қойды.

Донорға жасалған операция басталғалы төрт сағаттай өткенде олар Кэйтиге көшуге дайын болды. «Біз саған асқан күтім көрсететін боламыз, – деді Гастман Кэйтиге, – мақсатымыз – сол, оянған кезіңде «қашан бастаймыз» деп сұрайтын боласың».

Анестезия Кэйтиді ұйқыға батырғаннан кейін Гастман оның бетіне сызықтар сызып, алғашқы ота мен трахеостомияны жасады. Одан кейін тағы екі хирург үшеуі алдыңғы екі жылда жасалған бет реконструкциясының көбін қайта ашуға көшті. Практикант-дәрігерлер үстелдің айналасына қаумалай жиналды. Сағаттар жылжып жатты. Монитор үздіксіз шиқылдап тұр. Хирургтер жұмыс барысында жаймен сөйлеседі. Медбикелерде тыным жоқ: құралдарды алып береді, мониторларды тексереді. Папей мен операциялық топ ақырғы қан тамырын кесіп, донордың бетін алған кезде сағат түнгі 00:11 болған еді. Дәрігерлер бетті Кэйтиге қондырды. Олар кідірместен қан тамырларын жалғай бастады. Ота біткен кезде бет түгелдей алқызыл түске енді.

Олар бетті мойын тұсынан жалғады. Жұмыс донордың сүйектерінен басталды. Оларды Кэйтидің сүйектеріне қосу үшін пластиналар мен бұрандаларды пайдаланды. Енді жүйкелердің кезегі келді. Арнайы оқудан өткен микрохирургтер ішіндегі өте-мөте нәзік талшықтарды бүлдіріп алмауға тырысып, шаштай жұқа хирургиялық жіппен қабықтардың ұштарын тікті. «Осылайша, жүйкелер жалғанып, бір-бірімен «сүйіседі»», – деп түсіндірді Папей. Олар тек моторикалық жүйкелерді тігіп, ал сенсорлық жүйкелердің өзара жалғануын өздеріне қалдырды. Өздерінің алғашқы бет трансплантациясы операциясы кезінде бассүйек пен ми жүйкелерінің бесінші жұбы жалғанбады. Бұл – бет пен бастың негізгі сенсорлы жүйкесі. Солай болса да, пациенттің сезу қабілетінің көбі қайта қалпына келді. Бұл олардың таңданысын тудырды. «Мұның қалай болғанын мүлде білмейміз», – деді Папей маған.

Таң атты. Көп ұзамай Папей мен Гастман операция бөлмесінен Робб пен Алесия сөйлесуге шықты. Олар бір тәулік не одан да ұзақ уақыт көз ілмей, тағатсыздана күтіп отырған болатын. Гастман бәрі ойдағыдай деп сендірді, бірақ бет өлшемдері әртүрлі еді. Сол себепті де өте маңызды шешім қабылдау керек болатын.

Операция тобы тек жартылай бет трансплантациясын жасауды ұйғарған болатын. Дәрігерлер Кэйти бетінің көп бөлігін сақтап қалғылары келді, бұл оның бұрынғы Кэйти сияқты көрінуі үшін жасалатын талпыныс еді әрі ауыстырылып салынатын жат теріні қабылдамау қауіпін азайтатын. Бірақ олар донордың бетін Кэйтиге салған кезде хирургтер бет формасының дұрыс отырмағанын көрді. Кэйтидің басы донордан кішірек болғандықтан, оның тыртық ұлпасы орын алып тұрды. Донордың барлық бұлшықеті мен тамырларына орын жеткіліксіз болып шықты әрі донордың тері түсі қоңырқайлау екен.

Хирургтер кеңесе бастады. Көпшілік Кэйтиге донордың бетін толық салу керек деп ойлады. Осылай істегенде оның түрі жақсырақ көрінетіні анық еді. Топтағылардың бірнешеуі бұлай еткен кезде Кэйти трансплантантты қабылдамау­­ға қарсы күшті дәрілердің көбірек дозасын ішуге мәжбүр болатынын айтып, қарсылық білдірді. Одан да жаманы сол, қабылдамау жағдайында денесінде реконструкциялық операция үшін жеткілікті тін мөлшері болмайтын еді.

Трансплантациядан 20 күннен кейін. Дәліздердегі күнделікті жүрістерінің бірінде Кэйти физиотерапевт Беки Вано мен физиотерапия студенті Николь Блисспен жаттығып жүріп, ән айтуда. Трансплантацияға дейін Кэйти миына келген зақым кесірінен сандарындағы спазмнан арылу үшін жүруді қайта үйренуі қажет еді.

Гастман мен Папей осы таңдау туралы Робб пен Алесияға айтты. Олар Кэйтидің әке-шешесіне қыздарының бетіне жайыл­ған толық беттің суретін көрсетті. Гастман бетті толық орнатқысы келетінін айтпады. Өйткені Кэйти – өзінің қалай көрінетінін ойлайтын қыз. Ал Папей барынша аз донор терісі салынғанын қалайды. Мақсат – қатерді азайту мен Кэйтиде қалған қабілеттерді сақтау.

Алесияның алаңдау­шылығы арта түсті. Ұзақ кідірістен кейін Робб міңгірлей: «Меніңше ол бетінің толық болғанын қалар еді», – деді. Алесия ойындағысын айта салғысы келді. «Жоқ, жоқ, жоқ! Бұл – сіздердің жұмыстарыңыз. Шешімді сіздер қабылдауларыңыз керек».

Алесия: «Сіз не ойлайсыз? Ішкі сезіміңіз не айтады?» – деп сұрады.

«Айтқанымдай, қайсысын таңдасаңыз да сіздікі дұрыс болар еді деп ойлаймын», – деп Гастман сабырлы жауап қайырды.

«Қайсысын таңдасам да қателесуім мүмкін бе?» – деп сұрады ол.

Дәрігерлер оларды жалғыз қалдырып кеткенде, Робб пен Алесия беті жартылай қондырылған, тыртықтары көзге ұратын және тері түсі басқаша Кэйтидің ояған кезде не айтатынын ойлап көрді. Ол «сонда мен бұдан да жақсырақ көрінуім мүмкін еді, бірақ сіздер осылай шештіңіздер ме» деп сұрар ма еді, – деді Робб. Алесия қызының өзіне не деп айтатынын ойлады: «Мен сыртқа шығып, көпшілік ішінде ешкім қарамайтын біреу болғым келеді». Олардың жауабы дайын еді.

Сағат түскі 3-те, яғни донорға операция басталғанына 31 сағат өткенде, хирургтар бетті толықтай «қондырып», терінің үстіңгі қабатын тігіп бітірді. Медбикелер, практикант пен дәрігерлер, қызметкерлерге дейін қол шапалақтады. Енді бұл бет – Кэйтидікі, енді ол таңданыс тудырмайды. Ол тынышталғандай көрінді. Гастман Кэйтидің отбасына операцияның сәтті өткенін айтуға кетті. Ол оларға енді үйге барып қыздарын сүйіп, жылайтынын айтты.

Алдын ала Гастманнан фотоларды көрген Робб, Кэйтидің палатасына өзге туыс­тарымен кірген кезде таңданған жоқ. Роберт қарындасының иегінде кішкене ұяшық бар екенін айтты. Алесия былай деп ойлады: «18 жасқа дейін түрің басқа болды, 18-ден 21-ге дейін – басқа, енді, міне, мына бет-әлпетке ие болдың». Ол Кэйтиді осы күйі қабылдауға тырысты, бірақ елестете алмады. Ол қызының бұрынғы өңін аңсады.

Желдеткіші бар, тамырға құятын түтікше мен шиқылдаған мониторлар тізбегі жалғанып жатқан реанимациялық бөлімдегі палатасында жатқан Кэйти эксперименталдық субъект тәрізді көрінеді. Негізі, расымен де ол солай.

Шамамен екі аптадан кейін дәрігерлер Кэйтиді қоларбаға отырғызып, операция бөлмесінен алып шықты. Физиотерапевт оны тұрғызып, дәлізбен жүргізді. Жүріп келе жатса да Кэйти мамыр айының көп бөлігін ұйқыда өткізгендей сезінді. Ешқашан толықтай айналасына зер сала қараған емес.

Беті қатты ісіп кеткендей, дөңгеленіп тұрғандай сезілді. Папей оның тәмпіш мұрыны бар екенін және онысы анасына ұқсайтынын айтты. Ол анасынан: «Адамдардың тоқтай қалып, аруақ көргендей қарауын доғара ма?» – деп сұрады.

Кэйтидің басынан ауыр күндер, тіпті одан да зоры өтті. Кейде ауру азабы жан төзгісіз болатын. Қоректендіру түтігіне амалсыз жалғанған ол кейде қарнының ашқанын айтып жылайтын. Анық сөйлей алмайтындықтан Алесия оған тақта мен маркер алып берген еді. Ол «езілген картоп», «сені жақсы көремін», «ауырып тұрмын» деп шатпақтап жазып беретін.

Хроникалық қабылдамау Кэйти үшін әрқашан қатер болып қалады, алайда ауруханада өткен үш айдай уақыт ішінде трансплантантты қабылдамаудың жедел жағдайы болған жоқ. Алдағы бір жарым жылда оған тағы да үш күрделі операция жасалуы керек. Алдымен дәрігерлер оның шеке қуыстарын тазалап, көздерінің астына титаннан жасалған тор қояды. Одан кейін қабылдамау жағдайында кейбір артық тері мен тінді алып тастайды. Ал ақырғы үшінші операцияда оның төменгі жағы қысқартылады, тілі алға қарай тартылып, таңдайына имплантант қойылады. Дәрігерлер осының арқасында Кэйти әлдеқайда анығырақ сөйлейді деп үміттеніп отыр.

«Беті ауыстырылып, тым жақсы көрінетін мына адамдардың фотоларының барлығы қайталама операциядан кейін түсірілгенін естен шығарма, – деп түсіндірді Гастман оған жиі келетін кездерінің бірінде, – бұл уақыт алады».

«Дәрігер Гастман, – деді Кэйти, – бетімді түзеткен кезде омырауымды да ұмытпағаныңызды қалаймын».

Алесия күлген күйі еңкейіп Кэйтиге әлдене деп сыбырлады.

«Аха, сізді қызартып жібердім!» – деді Кэйти.

Трансплантациядан 7 ай 16 күннен кейін. Клиникадан ұзап шыққан алғашқы сапарында Кэйти Пеория қаласында тұратын әпкесі Оливия МакКейге қонаққа келді. Ол жиені Люкті ұстап отыр. «Мен тағы айығамын деп үміттенемін, – дейді Кэйти, – және ол мені көргенде қорықпайтын болады». Кэйти көзі енді жасаурамайды. Көздің ылғалын сақтап, оны ауырт­пас үшін қорғауыш қабықша тағуы керек.

Біз емдеуді пассифті әрекет пен иммундық жүйенің жұмыс істей бастауын күту деп ойлауға бейімбіз. 2017 жылы 1 тамызда ауруханадан шыққан Кэйти үшін демалыс артта қалған еді. «Көз жетерлік келешек үшін сен – кәсіби пациентсің», – деді оған Гастман.

Олардың бәрі өздерін бостандыққа шыққандай сезінді. Бірақ олай емес еді. Алесия мен Робб енді Кэйтидің күтушілеріне айналды, бұл – тәуліктік жұмыс. Олар үйлеріне өздерімен бірге екі жарым беттік күнделікті қабылданатын дәрілер тізімін ала кетті. Қабырғаға ілінген үлкен күнтізбе медициналық тағайындауларға толы. Физио­терапия. Реабитациялық терапия. Брайль сабақтары. Логопедиялық терапия.

Әсіресе, сөйлеу жаттығулары қиын болды. Кэйтидің аузының көп бөлігі донордікі болатын. Бұрынғыдан тек тіл мен жұмсақ таңдай қалып, олар дұрыс жұмыс істемеді. Тілі тістеріне тимеді. Операциядан бұрын Кэйтиді түсіну қаншалықты қиын болса, кейін де мүмкін емес дерлік болды. Алесия мен Робб оны аударатын. Бірақ кейде өздері де ойланып қалатын. Кэйти өз дауысының жазбасын тыңдап: «Бақа сияқты естіледі екен», – деді.

Оның бұрынғы бет бұлшықеттері түгелдей келмеске кетіп, донор бетімен алмастырылды. Ол бет-әлпетінің қозғалғанын сезе алмаса да, жаттығу жасау міндет болды. Жүйке айына үш сантиметрге өсіп, ақыр аяғында сезу мен моторикалық басқару қабілеті оралады, бірақ ол қалпына келуі үшін кемінде бір жыл қажет деп ескертті Гастман. Аузын жауып ұстау табиғи түрде орындалмады, басқалар ескерткеннен кейін ол саусағымен иегін итеретін.

Кэйти дұрыс көрмесе де, Стаблифилд отбасы Кэйти қайтадан көре алатын болады деген үміттерінен бас тартпады. Олар Питсбург университетіндегі зерттеуге иек артады, ол жердегі ғылыми топ 10 жыл ішінде көзді түгелдей ауыстырып салудан үмітті.

Олар донордың бетін күнде көретін, бірақ ол кейіп Стаблфилд отбасы үшін жұмбақ болып қалды. Олар ол адамның есімін, қалай көз жұмғанын не қалай өмір сүргенін білмейтін. Кэйти сол қыз бен оның отбасын жиі ойлайтын.

Ол Кэйти күтіп жүрген үшінші донор болатын. Екі мәрте донор табылып, клиникадағылар Стаблфилд отбасына хабар берген еді. Екі жолы да донорлар «пайдаға аспады». Ішкі орган күтетін пациенттер үшін сәйкестіктің жалғыз талабы органның өлшемі, қан тобы мен кейбір органдар үшін тін типі болса, бет трансплантациясы үшін жынысы бірдей, тері түсі ұқсас, жас шамасы жақын әрі донор осы маңайдан болуы шарт.

АҚШ-та 120 мыңнан астам адам түрлі органға мұқтаж. Алайда олардың күткендері келе бермейді: орта есеппен, күніне 20 пациент күту кезінде көз жұмады. 2014 жылы ұлттық трансплантант жүйесінде органдар қатарына бет те қосылды, кезектің қашан келерін ешкім болжай алмайды.

Кэйтидің дәрігерлері донордың есірткіні шамадан тыс пайдаланудан қайтқан әлдекім болуы мүмкін екендігін айтқан болатын. Мемлекет деңгейінде бұл эпидемия қолжетімді органдар санының артуына әкелді: жуырдағы зерттеу есірткіні шамадан тыс пайдаланудан қайтыс болған донорлар саны 2000 жылдан 2016 жылға дейін он есе артқанын көрсетті. Кэйтиге келер болсақ, оның доноры да шамадан тыс дозадан көз жұмған.

Lifebanc деп аталатын аймақтағы орган сату ұйымы донор мен пациент туралы ақпаратты құпия ұстайды. Егер бір тарап келесі жақпен байланысу үшін хат жазса Lifebanc оны жеткізеді. Келесі жақ жауап беруді өздері шешеді. Кездесу үшін екі тарап та келісім берулері тиіс.

Хат арқылы Стаблфилд отбасы Кэйтиге берілген беттің бұрынғы иесі Адриа Шнейдер екенін және оның әжесі Сандра Беннингтон олармен кездескісі келетінін білді. Қаңтар айындағы жексенбі күндерінің бірінде ертеңгісін Кэйти мен оның ата-анасы Сандрамен кездесті. Сандра қобалжулы еді. Ол Кэйти жалғыз өзі диванда күтіп отырған төргі бөлмеге кірді. Кэйти үстіне жаңа көйлегін киіп, көзіне сәнді күн көзілдірігін таққан болатын. Сандра Кэйтидің фотосын көрген еді. Кэйти мен оған жасалған операция туралы ой оның мұңын жеңілдетуге көмектесетін.

Беті ауыстырылған пациенттер емделу кезінде метаморфозадан өтіп, оларға орнатылған бет жаңа «қожайынның» бет құрылымына қарай бейімделеді. Жаңа әлпет жаңа организммен біте қайнасып кетеді. Сондықтан Кэйти Адриа сияқты емес-тұғын.

Сандра оның қолынан ұстады. «Сенімен кездескеніме қуаныштымын, – деді ол, – сен керемет көрінесің». Кэйти: «Бізге берген керемет сыйлығыңыз үшін рақмет», – деп жауап берді. Сандра оны түсініңкіремей, оған қарай еңкейді. Алесия қызының айтқанын қайталады.

Адриа орган доноры ретінде тіркелген болатын, бірақ Lifebanc ұйымы Адрианың бетін донорлыққа сұраған кезде Сандра бастапқыда не істеу керектігін білмеді. «Адриа өзінің басқа органдары мұқтаждарға берілуін қалады. Ендеше, бетін неге бермеске? Менің жауабым сол еді. Осындай шешім қабылдағаным үшін қуаныштымын», – деді Сандра.

Робб пен Алесия оларға қосылған кезде Сандра аз-кем Адриа туралы айтып берді. Сандра оларға Адрианың тағдыры дүниеге келген сәттен бастап қаншалықты ауыр болғанын, ағзасындағы есірткі, есірткіге тәуелді анасы, Адрианы төрт жасынан бері бауырына басқаны, 11 жасында асырап алғаны, сондай-ақ анасының 13 жасында дүниеден озғаны туралы айтпады.

Оның орнына Сандра Адрианың аттарды, иттер мен балаларды жақсы көргенін айтты. Адриа көз жұмғанда артында қалған 15 жастағы ұлы туралы айтты. Ол оның ұлына анасының әлпетін басқа біреу «тағып» жүргенін қалай айтуды білмегенін жеткізді.

Ол егер Адриа Кэйтимен таныс болғанында оған көмектескені үшін ерекше қуанар еді деп айтты. Сонымен бірге Кэйтидің орнында да болғысы келетінін, сонда өзін жақсы көретін ата-анасы мен бауырлары болатынына қуанатынын айтты.

Трансплантациядан 8 ай 23 күннен кейін. Кэйтидің қалыпты да мәнді өмір сүруіне көмек көрсетуге өздерін түгел арнаған Робб пен Алесия төрт жылдан астам уақыт өмірлерін «паузаға» қойды. Шаршап-шалдықса да, Құдайға деген сенімінен айырылмай, Кэйтиді соңы жоқ емдеу-терапияларына тасыды. Олар алдағы жақын келешекте Кэйтидің дәрігерлері мен Кливлендтегі клиника маңына қоныстанбақ.

Сандра Кэйтидің бетін ұстап көрді. «Соншалықты көрікті көрінесің», – деді ол. Ол аздап Адрианың түрін шырамытты, бірақ бұл Алесияның Кэйти күлімдеген кезде қызының бұрынғы жүзін көргеніндей ғана болды.

Кэйти қалған өмірін қиын болса да осы ауыстырылып салынған  бетпен өмір сүретін болады. Медициналық жетістіктіктер тез дамиды. Тіпті дәрігерлер де алда оны не күтіп тұрғанын болжай алмайды.

2,8 миллион АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлінген Семеньев иммуносупрессивтік дәрілердің баламаларын зерттеуде. Ол жаңа тінді қабылдамауға қарсы дәрі-дәрмектерді қажетсіз ететін жартылай донор, жартылай пациент жасуша табудан үміті зор.

Трансплантациядан кейін он төрт ай өткенде Кэйти дәрігерлері үш ірі ревизия­лық операция жасады. Сондай-ақ олар оның бетін кішірейтіп, тыртықтарды азайтып, сондай-ақ көз қабақтарын түзететінге ұқсайды.

«Оның ағзасы ешбір қарсы реакцияны көрсетпегеніне қуаныштымын, – деді Папей маған, – бірақ маған оның көз орбитасы ұнамай тұр. Біз оның көруі бұдан жақсырақ болады деп үміттенген едік».

Гастман онымен келісті: «Біз түзеткеннен кейін жағдай өте жай оңаларын білеміз. Бірақ біздің қолымыздан келері сол болмақ. Ол алған жарақат – осы уақытқа дейінгі бет трансплантациясы жарақаттары ішіндегі ең ауыры. Біз оның барлық бұлшықетінің міндетті түрде қозғалуын болжай алмаймыз, ол мүмкін емес те».

Біздің кейіпкер тоқтаған жерінен қайта жалғастырмақшы. Әуелі колледждегі оқуы бар. Ол бастап­қыда оны онлайн оқып, содан кейін, бәлкім, консультация саласында мансап құра жатар. «Маған көп адам көмектесті, енді мен басына күн туып, тағдыр тәлкегіне түскен өзге мұқтаж адамдарға қол ұшын созғым келеді», – дейді Кэйти. Ол жасөспірімдермен өз-өзіне қол жұмсағандардың азабы мен өмірдің құндылығы тақырыбында әңгімелесуден үміттенеді.

Әзірге, оның мақсаты – денсаулығын қалпына келтіру.

«Мен әлі мәреге жеткен жоқпын», – деді ол жуырда анасына.

«Жаным, сенің өмірің әлі алда», – деп жауап қатты анасы.

Автор: Джоанна Коннорс, фото: Мэгги Стибер және Линн Джонсон


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0

Қателік қақпаны

$
0
0

Түнгі 3. 13 жастағы Сара Гомес робот-сәбиге қамқор болуда. Бір айлық шақалаққа пара-пар қуыршақтар оқушыларға ата-ана болудың қандай екенін сезінуге көмектеседі.

Колумбия жоғарғы мектептеріндегі бағдарлама жасөспірімдер жүктілігінің алдын алу үшін аса қажетті сәби-роботтарды қолданады.

Джэфрин Байона мектепке кешігуде, ал уақыт болса таңғы 6-дан кеткен. «Өткен түні көз ілгем жоқ, – дейді 15 жастағы студент, – «сәбиім» мені түнгі 10 мен 12, таңғы төртте оятты». Солтүстік-шығыс Колумбияның ауылды аймақтарында сабақ ерте басталады. Джэфрин ыстық шоколадты ұрттап тұрып, арасында қолын шаршаған жүзіне қарай созады. Сәбиі Эстивен қойылған балаға арналған себетінде үн-түнсіз отыр.

Бақытына орай, Джэфрин үшін ерте әкелік тәжірибесі бүгін аяқталады. Ол жасөспірімдер жүктілігінің алдын алу мақсатындағы ауқымды бағдарламаға қатысуда. Эстивен – шын мәнінде, бір айлық шақалақтың қажеттілігін көрсету үшін жасалған робот-нәресте. «Сәби» тамақтандыру, кекірту, жаялығын ауыстыруға студенттерді «шақыру» үшін күні-түні белгілі уақыт аралығында жылайды. Әр әрекет бақыланады, жазылады және оқушылардың қалай әрекет ететіні бағаланады. Ұзақ уақыт қараусыз қалған «сәби» өшіп қалады да, оқушының бағасына ықпал етеді.

Оқушылар Bebé? Piénsalo Bien! немесе «Нәресте? Ойлан!» атты бір апталық жыныстық тәрбие мен жасөспірімдер жүктілігінің алдын алу бағдарламасына қатысуда. Мартин – 14 жаста, Данна мен Андрес – 13 жас, олар мүшеқапты қалай қолдануды үйренуде.

Джэфрин 48 сағат «нәрестеге» қамқор болды, әдеттегі елгезек және көңілді жеткіншектің сілікпесі шықты. Ол мектепке келіп, «сәбиді» келесі екі күнге сыныптасы және сәбидің анасы деп белгіленген 15 жастағы Александра Гэррейроға тапсырды.

Әлем бойынша жүктілік кезінде денсаулығына төнетін қатермен және өзін ғана емес, отбасын да тығырыққа тіреп, жыл сайын 17 миллионға тарта жасөспірім дүниеге бала әкеледі.

Хулиан – 13 жаста, робот-сәбиді сабақ кезінде бағып отыр.

Жас аналардың білім алу және жетілу жайлы армандары жиі бұзылады. Латын Америкасы әлемде жеткіншектер жүктілігі жөнінен алғашқы үштікте тұр. Әлем бойынша соңғы он жылдықта бұл көрсеткіш төмендеді, бірақ мұндағы төмендеу қарқыны өзге аймақтарға қарағанда тым бәсең. Әсіресе кедей ауыл жастарының арасында ерте жүктілік қаупі өте жоғары. Колумбияда бес ананың біреуі –15 пен 19 жас аралығында.

Сондықтан біз Колумбияның Тэйм шағын қалашығындағы мемлекеттік мектепке келдік. Джэфрин, Александра және олардың 9-сыныпта оқитын 100 сыныптасы ата-аналарымен бірге осы бағдарламаға жазылуға келісті. Мақсаттары – ерте жүктіліктің алдын алу. Оған қоса, қуыршақ сәбимен екі күндік жаттығу кезінде оқушылар негізгі жыныстық тәрбие мен контрацептив қолданудан бастап, гендерлік стереотип пен оның рөлі, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен отбасылық бюджетті талқылауға дейінгі тақырыптарда 30 сағаттық дәріс алды. Сол бойынша ақтық сынақ тапсырып, эссе жазуы немесе сәби күтудегі тәжірибесі туралы видео түсіруі керек болды.

Ольга Альфонсо қызы Даннаға берілген екі робот-сәбиді қарауға көмектесуде.

15 жастағы Александра, Эстивенді таммақтандырамын деп қалғып кетті.

«Жыныстық тәрбие мен нәресте бағуға икемдеу, екеуі де маңызды: бірін-бірі толықтырады», – дейді Колумбиядағы «Bebé? Piénsalo Bien!» немесе «Нәресте? Ойлан!» бағдарламасының директоры Камила Гусман.

Робот нәрестелер 20 жылдан аса уақыт бұрын АҚШ-та ойлап табылды және бұл бағдарлама әлем бойынша іске асырылып келеді. Алайда оның құны салыстырмалы түрде қымбат – Колумбияда бір оқушы үшін 100 АҚШ долларынан асады және бірнеше нұсқаушыны қажет етеді. Дегенмен ол өз тиімділігін дәлелдеді. 1400-ден астам оқушы қатысқан Колумбия аймақтарының бірінде бағдарлама көмегімен жасөспірімдер жүктілігі 40%-ға төмендеген.

Джэфрин Байона, Эстивенге қарайлайды. «Бұл – үлкен жауапкершілік, – дейді әке болу туралы Джэфрин, – оларға жақсы қарай алатын шағымда ғана балалы болғым келеді».

Колледжде инженерлік білім алуды жоспарлап жүрген Александра бір апталық курстан кейін: «Нағыз актриса болғым келеді», – деп ана болуды кейінге қалдыратынын мойындады. «Менің қазір бала сүйгім келмейді. Оны бағып-қағатындай мүмкіндігім жоқ, – дейді ол, – оқуымды аяқтаған соң, 25 не 26 жасқа қарай болмаса…».

Авторы: Дэвид Бриндли, фото: Кристиан Родригес


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0

Мумие

$
0
0

Өткен жылғы жаз айы күндерінің бірі еді. Біз астаналық режиссер-оператор Вадим Терентьев екеуміз «Хан Тәңірі» атты деректі кинолентаны түсіру үшін Тянь-Шань тауларының қойнауына жол тарттық. Жүріп келеміз. Төңірегіміз ит тұмсығы өтпес ну орман… Жалаң қия… Жақпартастар. Одан әріректе төскейінде сынап сағым сырғанаған қарсауыт мұзарт шыңдар мең мұндалайды. Ғажап бір көрініс! Кинооператор объективіне керекті нәрсе де осы ғой. Адам аяғы аттап баспаған арда табиғат аясындағы көз жанарыңды суырып әкетердей осы сұлулық әлемін ал кеп түсірейік!.. Сол уақытта біздің санамыздан төмендегідей де жәйттің қылаң бергені бар. Ол: «Мынау иен таудың түкпірінде өзімізден басқа ешкім жоқ шығар, сірә. Адамдар бұл жерге не іздеп келсін?» – деген ой еді.

Бірақ, олай болмай шықты. Сапарымыздың үшінші, әлде төртінші күні болуы керек, суретші табиғаттың ғажайып сыйы – сарқырамалы керегетасты кадрға түсіріп жатқанымызда оның ұшар басынан қылт ете түскен екі адамның сұлбасы көрініп қалды. Мұны көзіміз шалған мен де, кинооператор да аң-таң болып біраз тұрдық та, ештеңеге түсінбеген соң, жұмысымызбен бола бердік. Ертеңінде әлгі көрініс тағы да қайталанды. Бұл жолы олар екеу емес, бірнеше адам болып қарсы беткейдегі жалама жақпартастарға өрмелеп барады екен. Содан не керек, біз Хан Тәңірі етегінен кетер-кеткенше бейтаныс «саяхатшыларымыз» сол жерде жүрді де қойды. Қайтар жолда орманшылар кордонына соғып, ондағыларға көрген-білгенімізді айтқанымызда, Егерь Дүйсенбай Сәлімжанұлы: «Ә, олар мумие іздеп жүрген келімсектер ғой. Бұлар бақылау пунктінен бейтарап аймаққа қалай өтіп кетті екен?» – деп кәдімгідей алаңдаушылық білдірді.

– Мумие дейсіз бе? Ол Тянь-Шань тауларында кездесуші ме еді?– дедік біз оған қарсы сауал қойып.

– Кездескенде қандай? – деді Василий Захарович. – Ең сапалы мумие осында. Мұны біліп алған Алматы, Бішкектегі пайдакүнем делдалдар жаз шықса болды, сол жерлерден неше түрлі қаңғыбас жұмыссыздарды жинап алып, осы жаққа қарай аттандырып жүр.

Сапар аяқталып, Алматы мен Астанаға қайтарда Тянь-Шань тауларындағы өзім көрген жоғарыдағы оқиға ойымнан кетпей-ақ қойды. «Бұл не?» – деп сұрақ қоямын өзіме-өзім іштей. Адамдардың осы табиғат сыйына құныға ұмтылуында қандай сыр бар? Олардың қазіргі антибиотик заттардан әбден жерігені ме, жоқ әлде «ғажайыптардың ғажайыбы» мумиенің шипалылығы жайындағы дақпыртқа бас-көзсіз елігіп, елтуі ме? Аталмыш тас майы қандай зат? Бұған ғылыми тұрғыдан кім анықтама бере алады.

Осындай сауалдар ақыры бізді кезінде талай жылдар бойы республикалық аптека басқармасына жетекшілік еткен, одан кейін Алматы медицина институтында кафедра меңгерушісі болған фармокология ғылымының докторы, профессор Кеңес Үшбаевтың алдына алып келді.

– Мумиеге деген қазіргі көзсіз табынудың сырын мен өз басым былай ойлаймын,– деп бастады әңгімесін ғалым. – Мәселен, қай елде болмасын дімкәс жандардың кезінде барлық ауру түріне бірден тосқауыл болатын емдік қасиеті бар дәрі-дәрмекті іздегені, армандағаны мәлім. Антибиотик заттардың пайдалылығын ескере тұрса да, бірақ оны ұзақ мерзімге қабылдауға шыдамы жетпеген ауру адам психологиясы ақырында кез келген сырқатты «пышақкесті тыяды» деген дақпырттағы мумие «жарнамасын» өмірге әкелді. Оның мұндай бірден зор сенімге ие болғаны – дәуір көшіндегі мумие жайындағы уақыт бәйгесінен озып келген ертедегі кейбір медицина ғұламаларының анықтамалары.

Кеңес Үшбайұлының айтуына қарағанда, мумие туралы деректер медицина жылнамасында сонау ерте кездерден белгілі. Мысалы әлемге аты мәшһүр Ибн-Сина: «…Мумие – әлсіреген жүйке тамырларын тітіркендіре алады. Жараны тез жазады»,– деген. Бұл біз сөз етіп отырған емдік қасиеті бар тас майы жөніндегі бір ғана анықтама. Ал әр кездері айтылған мұндай тұжырымдар өте көп. Солардың бәрінен түйетін қорытынды сол, ол Шығыстағы халық медицинасы мыңдаған жылдар бойы осы дәріні пайдаланып келген, көне емшілер мен тәуіптер оны көптеген ауруларды жазатын қасиеті мол шипа ретінде бағалаған. Сөйтіп, олар мумие бүкіл организмге: «Күш-қуат береді, сал ауруларын, ұстамалы кеселдерді жазады, жаралардың аузын тез қатырады, уланғанда көмектеседі»,– деп есептеген.

Емдік қасиеті бар бұл зат белгілі бір жерде кездесе ме, жоқ әлде…

Медицинадағы түрлі экспедициялық зерттеу қорытын­дысына жүгінсек, – дейді біздің бұл сұрағымызға сәл-пәл ойланып барып жауап қатқан ғалым, – мумиені Азия құрлығынан, оның бірнеше елдерінен кездестіруге болады. Басы ашық нәрсе – оның ертедегі отаны Египет – Мысыр жері екендігі. Содан кейін орта ғасырларда ол Үндістан мен Тибеттен табылған. Ал біздің заманымызда емдік қасиеті бар бұл табиғат сыйы Орта Азияның Памир, Зерафшан, Қазақстанның Тянь-Шань, Тарбағатай, Сібірдің Забайкалье тауларында кездесетін болып шықты. Ғалымдар мумиенің пайда болуы туралы мынадай болжамдар айтады. Біреулері бұл тау қыртыстарындағы көмір сутектерінің өзгеріп отыруынан туған өнім десе, екіншілері оның шығу тегі өсімдік тектес дегенге саяды. Мұндай пайымдауға келуге кейбір мумие құрамында кездесетін өсімдік қалдықтары себеп болуда. Мамандардың үшінші, яғни соңғы бір тобы аршаның не тұт ағашының сөлі мен майы тамшылап ағып жерге сіңеді, тас жарықтарына құйылып жаңбырмен шайылады, одан кейін ол буланып, жақпартастарға смола тектес зат түріндегі мумие жиналады дегенді айтады.

Ғалым аға осылай деді де ендігі бір кезекте бізді өзінің аталмыш тақырыпқа қатысты жинап жүрген материалдарымен, ондағы келтірілген ғылыми дерек, талдамалармен таныстыра бастады. Бұлардан ұққанымыз, табиғи мумие негізінен үш қасиеті бойынша түзіледі екен. Алғашқысы жартастардың жарылған сызаттарында қатқан тамшы секілді өзекті мумиелер. Содан кейін жаңбыр немесе қар суына еріп төмен қарай аққан, сөйтіп барып тас қуыстары мен үңгір төбелеріне сүңгі болып қатқан мумиелер. Ал ең соңғысы тау қыртыстарындағы түрлі ерітінділер мен жан-жануар, жәндіктерден бөлінетін қалдықтардың араласуы нәтижесінде пайда болған агрегатты мумиелер. Міне, медициналық сараптаулар нәтижесімен танысқанда біз сөз етіп отырған табиғат сыйы осылай түзілетін болып шықты. Ал оның түрі, құрылымы туралы сөз етер болсақ ол коллоидтарға тән қоңыр түсті, омырылғыш, өзіндік исі бар, органикалық және органикалық емес қосындылардан тұратын зат.

– Мумиенің ғылыми-зерттеу лабораторияларындағы қазір­гі белгілі болып отырған қасиеттері қандай? Ол нендей сырқаттарға шипа бола алады деп ойлайсыз?

– Бұл сұраққа тұжырымды жауап беру қиын, – деп сөзін сабақтады Кеңес Үшбайұлы. – Өйткені, мумиенің құрамы түбегейлі зерттеліп болған жоқ. Дегенмен, фармокологияның осы бағыттағы алғашқы қорытындыларына байыппен қарайтын болсақ, оның біраз құпиясы дәрігерлерге белгілі болған да сияқты. Атап айтқанда, біріншіден, мумие өте күшті биологиялық тітіркендіргіш. Демек, ол бұрынғы және қазіргі фармокологияда басты орында тұрған атышулы Тайга женьшенінің емдік қасиетінен 2,5 есе артық. Ол жекелеген клеткалардың, тірі организмнің тұтас системаларының физиологиялық белсенділігін арттырады. Екіншіден, мумие бактроцидті қасиеттері жағынан антибиотиктерден анағұрлым күштірек. Ол зат алмасу процестерін реттейді. Сондай-ақ организмнен зиянды заттардың бөлініп шығуын жүйелейді. Вирустарға деген қорғаныс қабілетін арттырады, жүректің биоэлектрлік белсенділігін күшейтеді. Мумиенің химиялық құрамында кальций, фосфор, калий, стронций тотығы көп мөлшерде кездесетіндіктен, ол адамдардың дене мүшелерінің зақымданған жерін тез арада қалпына келтіруге көмектеседі. Атап айтқанда, асқазандағы жара, күйік, сынған сүйек мумиенің көмегімен әдеттегі жазылу мөлшеріне қарағанда одан 15-20 күн бұрын бітіп кетеді.

Бұл айтқандарымыздың бәрі мумиенің адам организміне пайдалы жақтары. Сонымен қатар, одан сақтандыратын тұстарды да сөз ете кеткеніміз жөн ғой деп ойлаймын. Мәселен, мумиенің құрамында 28-30 түрлі зат бар. Бұл анық. Ендеше, сол құрамның әрбір түрі сырқат жандарға пайдалы ма, зиянды ма? Міне, дәрігерлердің алдында осылардың пайдалысын ғана бөліп алып, оның қандай науқасқа ем екенін ажыратып, сонан соң ғана дәрі жасау міндеті тұр. Содан кейін мынаны айтқымыз келеді. Мумиені еппен, байыппен қолданған жөн дер едік. Мәселен, аталмыш затты жүрек инфарктімен ауырған адам пайдаланса, ол табан астында жүректің биоэлектрлік белсенділігінің күрт артып кетуінің салдарынан қиын жағдайға қалады. Ал қан қысымы жоғары адам бұл жағдайда, өз ауруын жазудың орнына оны гипертонияға дейін асқындырып алуы мүмкін.

– Мумие тек медицинаға ғана қажет пе, жоқ әлде…

– Ол тек бір ғана медицина үшін емес, халық шаруашы­лығының салаларына керек шикізат. Бүгінде ғылыми-зерттеу лабораторияларындағы мумиемен тыңайтылған бидай клет­ка­лары тәжірибе жүзінде әдеттегіден 2,5 есе жылдам бөлінетіні анықталып отыр. Осыдан-ақ оның өсімдіктерге әсері қаншалықты екенін айқын аңғаруға болады. Бұдан басқа мумиенің ауыл шаруашылық дақылдарының табиғи қолайсыздықтармен, зиянкестермен күресу қабілетін күшейтетіні туралы деректер де бар. Бұл жерде мынаны мықтап ескерген жөн. Мумиенің біздің республикамыздағы тау қойнауларындағы қоры онша көп емес. Сондықтан оны халық шаруашылығына жаппай қолданудың мүмкін еместігі анық. Ол тек қана селекциялық ғылыми-зерттеу лабораторияларындағы түрлі тәжірибелерге катализатор ретінде қолданылады.

…Осы әңгімеден кейін көп ұзамай, менің мумиенің Қазақстандағы екінші бір нүктесі Семей облысындағы Тарбағатай тауларына жолымның түскені бар. Мұнда да сол Тянь-Шань өңіріндегідей көңілсіз көрініс. Жергілікті халық емес, келімсек жалдамалылар Аягөз ауданының «Тарбағатай» ауылындағы  Ақжайлау, Өкпеті, Ақшоқы сияқты бөктерлерінен бой көрсетіп жүр. «Бөтен адамдар мұнда қайдан келген, не істеп жүр?» – деп айтар ауылдық әкімшілік,  қоғамдық тәртіп сақтау орындарының қызметкерлері қайда дейсің іштей. Көлденең көк аттылар біздің табиғи байлығымызды қашанғы бас-көзсіз тонай береді? Оның қызығын неге сол ауылдың тұрғындары көрмейді? Осыны неге ойламаймыз, ағайын!

Авторы: Жанболат Аупбаев

0

Махаббаттың түсі қызыл екен

$
0
0

Мына үш маймылдың қайсысы жеңілтек деп ойлайсыз?

Бұл сұраққа сіз Macaca mulatta не Кэмбридж университетінің эволюция биологі Констанс Дубук болсаңыз, оңай жауап берер едіңіз.

2012 жылдан бері Дубук пен оның Нью Йорк университетіндегі әріптес­тері Кариб жазығындағы бұл макаканың 250-ден астамын зерттеген. Мақсат – бет-әлпетінің ашық алқызылдан қою қызылға өзгеруі оның ұрпақ жалғастыруына қаншалықты әсер ететінін анықтау болатын.

Тартымдылыққа түстің әсерін анықтау үшін Дубук жануарға реңі әртүрлі бет-әлпеттерді көрсетеді. Түс­тер ақшылдан қою қызыл реңге дейін өзгертілді. Ол зерттелген маймылдардың жанарына қарап, қою қызыл түстің аналықтарының басым көпшілігі мен біраз аталықтарына да ұнайтынын анықтады. «Адамдарда да дәл солай, – дейді ол, – егер өзіңізге тартымды біреуді көрсеңіз, назарыңыз соған ауады емес пе?».

Ғалымдар, сондай-ақ маймыл жүзінің түр-түсі оның қарсы жыныстың қызығушылық танытуына қалай әсер ететінін байқап көрді. Нәтижесінде, жүзі солғын аталыққа қарағанда, жүзі қою қызылға ұрғашылар тарапынан көбірек «ұсыныс түсетіні» анықталды.

Ұрпақ жалғастыру жағынан да қою қызыл жүзді ұрғашылар қалғандарын басып озады екен. «Алайда тек қызылшырайлы болу ғана жеткіліксіз, – дейді Дубук, – сонымен қатар топқа «сөзі жүргендердің» мысы басым».


РЕЗУС МАКАКАСЫ

Таралу аймағы/қорғау статусы: Бұл тіршілік иелерінің таралу аймағы кең, саны көп. Олар, әсіресе, Азияда көптеп кездеседі.

Өзге деректер: Құстардың да бірқатары қарсы жынысқа тартымды реңкте көрінуге тырысады емес пе?! Макак-резус та – сондай сүтқоректілердің бірі.

Авторы: Патрисиа Эдмондс


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0

Арбап алар жалмауыз

$
0
0

Нәпсісі қозған Latrodectus geometricus өрмекшісі неге жас аналықты іздемейді? Егделеріне қарағанда жастаулары фертильді келеді әрі олардың «көңілін табумен» көп әуреге салынбай-ақ тез дегеніңе жетуге болады. Ең бастысы, аман қалудың мүмкіндігі зор. Өйткені жастары кекселері сияқты жақындықты каннибализммен аяқтамайды («жесір өрмекші» атауы осыдан шыққан).

Барлық артықшылығын ескере отырып, Израильдегі зерттеу тобы L.geometricus аталығы жас аналықты таңдайды деп күткен болатын. Мұны тексеру үшін ғалымдар аталық өрмекшілерді әртүрлі жастағы ұрғашылардың ортасына тастай салды. Зерттеу нәтижесі Animal Behaviour журналында жарияланды.

Егде аналықпен шағылысу үшін аталық өрмекші қызу бәсекеге түсіп, алты сағат бойына оның көңілін табуы керек. Ақыр аяғында оның қос жыныс мүшесінің бірі жұбының қос саңылауының бірінен табылады. Осы сәтте аналығы аталықты тірідей жей бастайды. Егер ол тірі қалса һәм мертігіп қалмаса, бағын қайта сынап көре алады.

Зерттеу барысында, әртүрлі жастағы аналықтарымен бетпе-бет келгенде аталық өрмекшілер жастауларының жартысымен ғана, ал егделерінің түгелімен шағылысқаны байқалды. Жастарына «тиіскендердің» ешқайсысы каннибализмге ұшырамаған, ал егделердің «қолынан» жартысынан көбі мерт болды. «Біз жас өрмекшілердің жасамыстарымен қатынасқа түсіп, «суицидке» бас тігуінің себебін түсіне алмай қойдық», – дейді зерттеу авторларының бірі Шеви Уанер. Бір теория бойынша, кемелденген ұрғашылар анағұрлым күшті жыныс феромондарын бөлу арқылы фертильдігі мен қартаң жасы секілді кемшіліктің орнын химиялық жолмен толтырады.

Авторы: Патрисия Эдмондс пен Кэти Уоткинс


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0

Аш бала тоқ баламен ойнамайды…

$
0
0

Климат өзгерісі, ядролық қару, ресурстардың сарқылуы, бай мен жарлы арасындағы алшақтық тіршілікке қауіп төндіреді.

Люксембург пен АҚШ сияқты әлемдегі ең бай елдердегі жан басына шаққандағы орташа табыс, Бурунди мен Конго демократиялық республикасы сияқты ең кедей елдермен салыс­тырғанда, 100 есе көп. Бұл – кедей елдер үшін үлкен қасірет. Ал бақуатты елдер үшін ше?

Осы күнге дейін ешбір кедей елдің халқы бай елдерге қауіпті болып саналмаған. Олар біздің өмір сүру дағдымызды жақсы біле бермейтін. Сырттай біліп, іштей қынжылғанымен, қолдарынан еш нәрсе келмейтін.

Дегенмен бүгінгі таңда қашықтағы сол кедей елдер дамыған елдерге қауіп төндіріп отыр. Оның себебін бір ғана сөзбен жеткізуге болады: «жаһандану». Әлемнің түкпір-түкпірінде байланыстың артуының арқасында дамушы елдердің халқы өмір сүру стандартындағы айырмашылықтар туралы көбірек біле бастады және олар дамыған елдерге бара алады.

Жаһандану өмір стандарттары арасындағы үлкен айырмашылыққа деген төзімді тауысты. Оған дәлелді барлық жерден байқаймын, бірақ мына үш мысал айтуға тұрарлық.

Біріншісі – денсаулық. Жаһанданудың бірден-бір кесірі – аурудың тарауы. Эндемиялық аурулар кең тараған әрі қоғамдық денсаулық сақтау саласы осал кедей елдерден келушілер өздерімен бірге түрлі ауруларды тасуда. Олардың арасында тырысқақ пен тұмау секілді ертеден келе жатқандары да, СПИД, Эбола, Марбург секілді жаңа түрлері де бар. 1992 жылы аргентиналық әуелинияның бірі Перуден тырысқақ қоздырғышы бар тағам алған бойы Лос-Анджелеске бір-ақ жетеді. Ол жақтан кей жолаушылар Сиэтл, Аляска, Токиоға ұшты. Осылайша, тырысқақ ауруы Калифорния мен Жапония аралығында біршама тараған еді.

Екіншісі – терроризм.  Әрбір елде өлімге бас тігуге даяр есуас, ашуы тасыған адамдар кездеседі. «Лаңкестер кедей елдерден шығады» деген түсінік – қате. Талғажау таппай жүргендер көк жәшік көрсеткен санаулы елге ғана қолжетімді өмірдің жоғары стандарттарына әбден тойған. Бойын қызғаныш кернеп, үміті өшкендер өзгенің өмірін қию түкке тұрмайтын баскесерге айналып жатыр. Бұған түсіністікпен қарап, қолдап жатқандар да жоқ емес.

Меніңше, өмір сүру деңгейіндегі жер мен көктей айырмашылық жоғалмайынша, АҚШ, Еуропа, Жапония мен Аустралияға қарсы лаңкестік шабуылдар көбеймесе, азаймайды.

Үшіншісі – «спарталық» өмір кешкен халықтар ауқатты елдерге ұмтыла бастайды. Бұл елдердегі миллиондаған адам мәңгі бақи мемлекеттің өмір сүру стандарттарының жақсарғанын күтіп жүре бермейді.

Керісінше, олар виза алып, не алмай-ақ дамыған елдерге, әсіресе Батыс Еуропа, АҚШ пен Аустралияға қоныс аудара бастайды. Әзірге дүниежүзілік көші-қонға төтеп беру мүмкін болмай тұр. Африка, Азия мен Латын Америкадан қашатын иммигранттар түрлі тәсілге көше бастаған. Зорлық-зомбылықтан бассауға сұрап, саяси пана іздеп келетіндердің бәрі жағдайын жақсарту үшін көшетіні анық. Алайда жайлы өмір, жоғарғы деңгейге әркімнің қолы жете бермейді.

Жан басына шаққандағы орташа тұтыну деңгейі дегеніміз – орташа адам жылына тұтынатын майлар мен басқа да ресурстар. Бай елдерде оның деңгейі, дамушы елдерге қарағанда, 30 есе жоғары.

Әр ел халқының санын адам басына шаққандағы табиғи байлықты, айталық, мұнайды орташа тұтыну деңгейіне көбейтіңіз. Бұл мөлшерді жалпы әлем көрсеткішіне қосыңыз. Нәтижесінде, әлемнің сол ресурсты қазіргі тұтыну деңгейін аласыз.

Есепті қайталаңыз, бірақ дамушы елдердің тұтыну деңгейін отыз есеге ұлғайтыңыз.

Нәтижесінде, дүниежүзілік тұтыну деңгейі он есеге артады. Бұл қазіргі тұтыну деңге­йіне шаққанда, шамамен, 80 миллиард адамға тең келеді. Кей оптимистер Жер 9,5  миллиард адамды асырай алады деп топшылайды. Алайда Жердің 80 миллиард адамды қамтамасыз ете алатынына сенетіндер аз. Қисын қайда?

Егер дамушы елдердің үкіметтері саясатты әділ жүзеге асыратын болса, олардың да байлыққа жететіндеріне сендіріп келеміз! Десе де, бұл – барып тұрған мистификация. Жерде оған жеткілікті ресурс жоқ. Дүниежүзінің 7,5 миллиард халқының 1 миллиард тұрғыны ғана дамыған елдерге тән баршылықта өмір сүріп жатыр. Жер сол молшылықтың өзін әрең қамтамасыз етіп отыр.

Бұдан шығатын қорытынды қандай? Барлық елдің бірдей болмаса да, соған жақын тұтыну деңгейін қамтамасыз ету керек. Дамушы елдер дамығандардың қатарына қосылған жағдайдың өзінде, дамыған елдердің қазіргі деңгейдегі тұрмысын тұрақты қамтамасыз ету мүмкін емес.

Мұның арты апатқа ұрындыра ма? Жоқ! Нәтижесінде, бәріміз бүгінде дамыған елдер тұтынатын деңгейден төменірек халге жетуіміз мүмкін. «Байлар өмір сүру стандарттарымызды өзгелердің пайдасы үшін қия алмаймыз», – деп қарсы келуі мүмкін. Дегенмен ресурстар деңгейінің ащы шындығы – Америка қаласа да, қаламаса да өмір сүру дағдысын өзгертуіне тура келетінін көрсетеді. Ақиқатпен келісе алмайсың!

Қаншалықты қорқынышты естілгенімен, мұны аса үлкен құрбандық деп есептемеймін. Неге? Себебі тұтыну деңгейі мен халықтың әл-ауқаты бір-бірімен байланысты болғанымен, ажырамас жұп деуге келмейді. АҚШ ресурстарының көбі рәсуамен жұмсалады және халықтың жағдайын жақсартуға бағытталмайды. Мәселен, Батыс Еуропаның мұнайды тұтыну деңгейі АҚШ-тан екі есеге төмен, бірақ орташа еуропалықтың әл-ауқаты орташа америкалықтың жағда­йынан жоғарырақ. Бұл зейнеттегі қаржылық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, сәби өлімі, өмір сүру ұзақтығы мен демалыс уақыты секілді кез келген факторды есепке алғандағы жағдай.

Мәселенің маңызды тұсы мынада: сөзсіз, дамыған елдердің адам басына шаққандағы тұтыну деңгейі кемитін болады. Біз сол нәтижеге өз еркімізбен жетеміз бе, әлде біздің ықтиярымыздан тыс жағымсыз әдістердің нәтижесінде келеміз бе – гәп осында. Уақыт өте келе дамушы елдердің жан басына шаққандағы тұтыну деңгейі дамыған елдердің деңгейінің 1/30 болып қала бермейтіндігі де түсінікті. Керісінше, онымен теңесуге жақындайды. Бұл – алдын алу керек жантүршігерлік жайт емес, шынымен, күндердің күнінде болатын нәрсе. Прогресске қажетті жеткілікті біліміміз бар, енді керегі тек саяси ерік қана.

Теңсіздіктің нәтижесі бізді қынжылтуы керек пе? Қайтадан, жоқ! Мәселе ушыққанымен, оны шешу мүмкіндіктері де артуда. Бірнеше мемлекет арасындағы немесе дүниежүзілік келісімдер күрмеуі қиын мәселелерді шешуде біршама жетістікке қол жеткізді. Мен біздің әлемді екі жүйрік арасындағы ат жарысына ұқсатамын. Бір жағында «үміт» шауып келе жатса, екінші тарапында «құрдым» келеді. Бұл қос сәйгүлік бірдей жылдамдықта бақ сынасатын қалыпты жарыс емес. Бұл экспоненциялдық үдемелі жарыста әр жылқы барған сайын жылдамдығын арттырып келеді. Бірнеше он жылдықтан соң біз екі тұлпардың қайсысы оқ бойы оза шабатынын көреміз.

Авторы: Джаред Даймонд, иллюстрация: Джерард Дюбуа


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0

Алға, жастар!

$
0
0

Ресми мәліметтерге сәйкес, Қазақстандағы жастар саны 2018 жылы 3 900 834 адам болды. Бұл халықтың 21,5 пайызына тең көрсеткіш. Түсініктірек болу үшін айта кетейік, жастар деген категорияға 14 бен 29 жас аралығындағылар жатады. Төмендегі кестеде ресми мәліметтер бойынша, соңғы үш жыл көлеміндегі еліміз жастарының жалпы саны көрсетілген.

2016 жыл – 4 097 900

2017 жыл – 3 994 393

2018 жыл – 3 900 834

Бұл кестеден байқап отырғандарыңыздай, елімізде жастар саны күрт азайып кеткен. Неге? Оның қандай себептері мен түйткілдері бар? Бұл шын мәнінде терең ойланарлық жайт.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің 2018 жылғы 5 қазандағы жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауым өкілдері бұл шешімнің терең астары бар және өте дұрыс қабылданған деп санайды. Әр жылдары дүниеге келіп, бірде баяу, бірде қарқынды жүзеге асып келе жатқан «Серпін», «Жас сарбаз», «Дипломмен – ауылға», «Мәңгілік ел ­жастары – индустрияға», «Жасыл ел», т.б. жобалар қалай жүріп жатыр? Осы және басқа да түйткілді сұрақтар жөнінде журналы­­­­мыздың алдағы сандарында толығырақ жазбақпыз.

Фото: Дмитрий Ругис

0

Марс теңізі

$
0
0

Бүгінде Марс десе көз алдымызға кеуіп қалған қызылкүрең ландшафт қана елестейді. Десе де, ежелгі планета мүлде басқа болған. Осыдан 3,8 миллиард жыл бұрын онда мұхитты толтыруға не көп бөлігін мұз құрсауында қалдыруға жеткілікті су болған болуы мүмкін. Бұрын-соңды осынау қызыл ғаламшарда судың мол қоры болған ба? НАСА-ның Curiosity миссиясы бұл жұмбақтың сырын ашты.

Авторы: Мэтью В.Чвастик


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0

Болашақтың тамағы қандай болмақ?

$
0
0

Жәндік, арамшөп пен қаны сорғалаған вегетариандық бургер.

Адамзат саны күн санап өсіп келеді. ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлем халқының саны 9 миллиардтан асқанда, адамдардың азық-түлікке деген сұранысы қазіргіден 50%-ға дейін артпақ. Бұл сұраныс­ты климаттың өзгеруіне әсер етіп жатқан ағаштарды отау, индустриалды ауыл шаруашылығы өнімдері көлемін арттырмай қалай қанағаттандырамыз? Өнімнің бітік шығуы үшін топырағымыздың құнарлылығын қалай сақтап қала аламыз?

Шегіртке! Олар чипсы, энергетикалық батончик пен өзге де өңделген тағамдардың құрамында бар.

Жәндік десе ат-тонын ала қашатын жан болсаңыз, таяқшадағы тарантулды смузиге алмастырып көріңіз. «Біз етті құрттармен алмастырғалы жатқанымыз жоқ», – дейді «Жеуге жарамды жәндіктер» мен «Адамзат эволюциясы» кітаптарының авторы Джули Лесник. Құрт-құмырсқа мал қорегінің құрамына не біз білетін кепкен картоп, протеин батончиктері мен смузи ұнтағы секілді өңделген тағамдарға қосылуы мүмкін.

Бұл – жауабы күрделі сауалдар. «Бір нәрсе анық, – дейді болашақ тағамдар тақырыбын зерттеп жүрген Mold журналының редакторы Лин И Юань, – тоғыз миллиард адамды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін барынша көп адамның көмегі қажет».

Табиғаттың өзгеруі кесірінен үлкен көлемде үй малын өсіру өз-өзін ақтамаған сайын ақуызға (протеин) қол жеткізу үшін көбі тығырықтан шығудың жаңа жолдарын іздей бастайды. Бүкіл тіршілік бөліп шығаратын көмірқышқыл газының шамамен жетіден бірі – төрт түлік малға тиесілі. Шоғырландырылған қоректендіру әдісімен өсірілетін сиыр әдеттегіден сегіз есе көп су, көкөніс пен дақылдар секілді әр калория­­ға шаққанда 160 есе көп жерді қажет етеді. БҰҰ-ның сиыр етін азырақ жеуге шақырып жүргені таңғаларлық жайт емес. Жаңа азық-түлік компаниялары бұл үндеуді орындауға білек сыбана кіріскен.

Солардың арасында Beyond Burger гамбургерін да­­йындайтын компания да бар. Бұл – сиыр етіне ұқсайтын қызылша мен протеинді асбұршақтан жасалған бәліш. Оның ең жақын бақталасы қаны сорғалап тұрғандай әсер қалдыратын зертханада жасалған өсімдік негізді «гем» протеині.

Басқа компаниялар мал етін мүлде қажетсінбейтін ет өндірісін индустрияландыруда. «Сырттан қарағанда ол сыра қайнату зауытына ұқсайды, – дейді индус­триалды топ Good Food институтының атқарушы директоры Брюс Фридрих. – Сыраны түтікше арқылы сүзгендей, тартылған ет те солай сүзіледі».

Қаны сорғалаған вегги бургері құрамында не бар?

Impossible Burger бидай, картоп протеиндері, кокос майы мен оған түр беретін қаны сорғалаған ашытқыдан алынған гемнен жасалған. Индустриалдық көлемде мал асыраудың қоршаған ортаға зиянын ескерген компаниялар проблеманың жалпы етте емес, ірі мал етінде екенін айтады. «Біз ет ойлап тауып жатырмыз деуге әбден болады, – дейді «Мүмкін емес тағамдар» желісінің өкілі Джессика Аппельгрен, – біз етті ет ететін не екенін молекулярлық деңгейде зерттеп, оны өсімдіктер тұқымдасынан алуға әрекет жасап жатырмыз».

Бұл мақала – «Болашақ тағамдары» атты серия­лық зерттеудің бір бөлігі. Бастаманы қаржыландырушы – Land O’Lakes, Inc.


Сонымен қатар АҚШ нарығындағы жеуге жарамды жәндіктер протеинге бай мал азығы немесе өңделген астың ингредиенті ретінде көбірек кездесе бастаған. Қоршаған ортаға пайдасы тұрғысынан шырылдауық шегірткенің тартымдылығы айтпаса да түсінікті. Әр килограмына шаққанда оның құрамында протеин мен микроқоректік заттары, сиыр етіне қарағанда, молырақ. Олар қараңғы әрі халық тығыз қоныстанған жағдайда өмір сүре беретіндіктен, шағын жерден зауыт көлеміндегі өнім шығаруға болады. Техастың Остин қаласында АҚШ-тағы ең ірі шегірткеден қорек жасайтын ферма бар. Ферманың тасын өрге домалатқан – пісірілген тағамдарға, энергетикалық шоколадтарға, смузиге қосылатын шегіртке ұнтағы.

Жерге пайдалы бозғылт эль

Ас шығару компаниялары майдың да жаңа түрлерін іздеп жатыр. Индустрия ғалымдары немістің талшын ағашының шайырынан балдырларды жинап, одан қоректік заттары молырақ май алу үшін инженерлік өңдеу жүргізді және алты қабаттық ашыту ыдысында оны Бразилияның қант құрағымен қанықтырды. Сығылған балдырдан ашық түсті, иіссіз моно-қанықпаған ас майын алып, оны Thrive деген атаумен сатылымға шығаруда. Ондағы мақсат – қоршаған орта мен қоғам үшін орны толмас шығын болған пальма майына эффективті балама табу.

Көп мәселеге табиғаттың өзі шешім бола алады. АҚШ зерттеушілері әр жылы егіліп, топырақтың құнарлылығын жоятын әрі эрозияға ұшырататын тыңайт­қыштарды көптеп қажет ететін бір жылдық бидай мен жүгеріні алмастыра алатын көпжылдық астықты 1980 жылдан бері іздеп келеді. 2000 жылдары Канзас­тағы ауыл шаруашылығын зерттеу тобына мүше Жер институтының қызметкерлері сұрпы жақсы, көлемі ірі, ауруға төтеп беретін егін алу үшін аралық бидайшөп өсіре бастады.

Силикон алқабы біздің тамақтану әдетімізді өзгертеді


1980 жылдары ауыл шаруашылығын зерттеуші ғалымдар жер өңдеудің салдарына алаңдай бастағанда, бірден ықтимал шешім ретінде жылдық дақыл отырғызып, кейде жем ретінде жыл он екі ай өсірілетін Kernza аралық бидай шөбін ұсынды. Тамыры 3 метрге дейін баратын, алты жыл бойы үзбей жеміс беретін Kernza коммерциялық деңгейге тез көтеріліп келеді.


Бүгінгі таңда, Kernza деп аталатын дақыл АҚШ-тың 200 гектар алқабына егілді. Әртүрлі тамақ өндірушілері оны нарыққа дайындау үстінде. Әмбебап дақыл ауыл шаруашылығына серпін береді деген де үміт жоқ емес.

«50 жылдан соң тағамдарымыздың түрі қандай болса да, жаһандық жылыну қолда барды тиімді пайдалануымызға түрткі болады, – дейді дүниежүзілік тағамтану маманы Радж Патель, – ХХІ ғасырда арамшөп пен зиянкестердің азыққа айнала алатынына адамдардың көздері жетті».

Балдыр майы: пальма майын алмастырушы

Аспаздардың айтуынша, егістік қышатүс өсімдігінен алынған балдыр майын, басқа майларға қарағанда, тұрақтырақ етіп өндіруге болады. Пальма майын өндіру кезінде ормандардың кесілуі мен жұмысшылар тарапына қиянатқа жол берілген. Бір гектар тұрақты қант құрағынан балдыр 3-4 метрикалық тонна моноқанықпаған иіссіз май бере алады. Балдыр майы мен сарымай шығаратын даниялық Corbion компаниясының өкілі Марк Брукстың айтуынша, көптеген компания жартылай сутектендірілген май секілді «химиялық» ингредиенттерден қашады. «Этикеткада бұл жазуды көргіңіз келмесе, орнына балдыр майын қолдансаңыз болады».


Жоғарғы технологиялық өндірісті меңгерген жұмысшылар негізін салған Soylent-тің тұсаукесері 2013 жылы өте сәтті шықты. Дәстүрлі тағамды ығыс­тыру мақсатымен өнім құнарлы, құрамында қажеттінің бәрі бар, табиғатқа еш зиянсыз. Алайда 2016 жылы компания батончигі мен ұнтағын қайтарып алуына тура келді. Өйткені өнімді тұтынған көп адам құсып, іші өткен. Дегенмен тағам танымалдығын жоғалтпады.


Автор: Трэйси Макмиллан, Фото: Грант Корнетi

Трейси Макмиллан – «Америкалық тамақтану әдебі» кітабының авторы. Грант Корнет – натюрморт саласына маманданған фотограф.


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0

Ана, сен жыламағын!

$
0
0

Сіз ұшақтың бизнес-класында ұйықтап жатыр едіңіз делік, кенет әуе шұңқырына тап болып, ұшағыңыз солқ ете қалды. Біраз уақыт бойы селкілдеп барды да, әрең дегенде қалпына келді. Қандай көңіл-күйде боласыз? Әрине борт командирі сыпайылап кешірім сұраса да, жүрегіңіздегі жағымсыз әсер біразға дейін қалады ғой… Теория­лық тұрғыда білікті пилот әуе шұңқырын алдын-ала болжап, кемені оған ұрындырмай алып өтуіне болады деседі.

1990 жылдардағы әлеуметтік дағдарыс кезінде басылым беттерінен «аналарымыз ала дорба арқалап, базар жағалап кетті» деген сөздерді жиі оқитын едік. Әрине бұл жағдай халықтың табиғи өсіміне өте кері әсер етті. Туу көрсеткіші күрт төмендеп, балабақшалар жабылып қалды. Жоғарыдағы ұшақ мысалы Қазақстанның сол кездегі демографиялық ахуалын бейнелейтіндей. Осы дағдарыстың салқыны 90-жылдардың соңына дейін жетті. 1993 жылы, тіпті, арнайы Жастар ісі, туризм және спорт министрлігі құрылды.

Бұрынғы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мәліметінше, 2016-2018 жылдар аралығында қазақстандық жастар санының жылына жүз мыңға азайып отырған дерегі байқалған. Жастар дегеніміз – 14 пен 29 жас аралығындағылар екенін ескерсек, олардың бұл азаюына тікелей әсер еткен 1990-2000 жылдар факторы екені байқалып тұр.

Халықтың туу деңгейі 2000 жылдардан кейін ғана жақсара бастады. Демограф мамандар 2022 жылдардан соң қазақ ұлты «турбуленттік аймақтан» толық шығып, ұлттық үлесі жағынан мемлекет ішінде айқын (80 пайыз) басымдыққа қол жеткізеді деп болжайды. Бұл – тарихи қуаныш. Бірақ сан сапаға айналмаса, ол қуаныш ұзаққа созылмасы анық. Сондықтан, Ел Үкіметі «Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын» қабылдап (бұл 1999 жылғы 28 тамызда қабылданған № 73 аттас құжаттың ізбасары), білім беру, денсаулық сақтау және жұмыспен қамту бойынша бірқатар шаралар жасап келеді. 2004 жылы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң қабылданған болатын. Ресми билік осы кездерден бастап жастарға жеке әлеуметтік-демографиялық топ ретінде көңіл бөле бастады. Мәселен, Ресейде осы жылдар ішінде жастар саясатының дұрыс жүргізілмеуі салдарынан скинхеттік және түрлі қылмыстық топтар саңырауқұлақтай қаптап кетсе, Орталық Азияның кейбір мемлекеттеріндегі жұмыссыз жастар көрші елдерге ағылды. Бұл жағынан Қазақстан билігі өз міндетін абыроймен атқара алды десе болады. Бір ғана «Болашақ» бағдарламасының өзі қаншама талантты жастың қанатын қомдады. Ел ішінде ұлтаралық татулық, тағаттылық принциптері тынбай насихатталып келеді. Халықтың бүтіндей бір буыны бүгінде осы идеологиямен өсіп шықты. Бір қарағанда жасанды көрінгенімен, бұл қадам сол бір жылдардағы қоғам тұтастығы мен қауіпсіздігін сақтау үшін маңызды рөл атқарғаны айдан-анық.

Дегенмен, ішкі саясат ұстанымдары да уақыт өте келе қоғам сұранысына сай өзгеріп отыруы тиіс. Біздің жағдайымыз­­да, ең бастысы – халықтың экономикалық белсенді бөлігінің тұрақтылығын сақтап қалу. Ол үшін көпбалалы аналар мәртебесін арттырып, туу қарқыны мен шетелдегі этникалық қазақтардың елге көшуін ынталандыруды батыл түрде жүзеге асыру керек деп санаймыз. Осылайша түрлі ұлыс өкілдерін мемлекет құраушы ұлттың айналасына шоғырландырып, оны тарихи құндылыққа айналдыратын күн жақындап келеді.

Авторы: Мақсат Ясылбайұлы, фото: Сәрсенбек Қызайбекұлы

0

Бактерия vs. Антибиотик

$
0
0

Суретші Викто Най «өткір мысқылды» дәлме-дәл беруге тырысқан. Кезінде бактерияларды өлтірген антибиотиктер бактериялардың бейімделгіш қабілетін оятқан. Негізінде антибиотикті мөлшерден көп пайдалану бактериялардың күшеюіне әсер ететіні дәлелденген.

Адам өміріне қауіпті бактериялардың антибиотиктерге төзімділігі кең әрі тез қанат жайып келеді.

Бұл әлемнің қауіпті екені бәрімізге о бастан белгілі. Дейтұрғанмен қауіптің артуы олардың эволюциялық дамуына тікелей байланысты. Эбола вирусы мен тұмау ауруы бейімделе алатындығымен ерекшеленеді. ДАИШ соғыс тактикасын өзгерте, ал Ким Чен Ын мүлде кереғар бағытқа бұрыла алады… Мамандар біздің «антибиотиктерден кейінгі» заманға аяқ басқанымызды айтады. Бұл дәуірде кезінде антибиотиктің көмегімен оңай тізгінделген инфекциялық аурулардан зардап шегетіндер мен көз жұматын адамдар саны жүз мыңдап артатын болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бактериялардың  антибиотикке төзімділігін ХХІ ғасыр­дағы ең үлкен қауіптердің бірі деп есептейді. 2011 жылы АҚШ-та дәрі-дәрмекке төзімді бір ғана – Staphylococcus aureus микробы 11 000 адамның өмірін қиды. Әлем бойынша жыл сайын осындай микробтардан жүз мыңдаған адам көз жұмады.

Бұл қалай болғаны? Бұл екі құбылыстың – Дарвиннің табиғи селекциясы (бактериялар популяциясына антибиотикпен соққы жасасаңыз, олардың ең мықтылары ғана аман қалады) мен горизонталды ген тасымалдау эволюция­лық механизмі комбинациясынан туындайды. Жақында ғана ашылған екінші феномен интуицияға кереғарлығы мен есі дұрыс адамның ойына кіріп-шықпайтындығы сонша, Чарльз Дарвин ол туралы тіпті басын қатырмаған. Бұл дегеніміз – геннің өз құрылымынан бөлініп шығып, адамдардың арасында және тіршілік иелерінің бір түрінен екіншісіне орын ауыстыруы. Геном бірізділігін анықтау осындай көлденең ДНҚ тасымалының тіршіліктің даму тарихында үлкен маңызға ие болғанын көрсетеді. Бұл ерекшелік антибиотикке төзімді гендерді тарататын бактерияларға ғана тән.

1960 жылдардың басында жапон ғалымы Цутому Ватанабэ бұл жайтты мерзімінен бұрын көре білді.

Бұл ғылыми жұмыс Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін бактериалды дизентерияның белең алуынан басталған еді. Соғыстан кейінгі санитария пен денсаулық сақтау жүйесінің депривациясы, басқа жерге ауысуы мен ойран болуы проблеманы ушықтырып жібергенімен, дизентерияны тікелей қоздырушы – шигелла бактериясы болатын. Дизентерияны емдеу үшін, алдымен, сульфаниламидтер қолданылды. Шигелланың оған төзімділігін байқаған медицина қызметкерлері стрептомицин мен тетрациклин секілді антибиотиктің жаңа түрлеріне ауысты.

1953 жылы шигелланың фильтраттары бұл екеуіне де тез бейімделе кетті. Алайда әр бактериялық штамм бір ғана дәріге төзімді болып шықты, яғни инфекцияны әлі де басқа дәрілермен тоқтатуға болатын. 1955 жылы Гонконгта дизентерия мен шигелла жұқтырған жапон әйелдің үлкен дәретінің талдауы инфекциялардың бірнеше антибиотикке төтеп бере алатынын көрсетті. Осы тұрғыда төзімділік тез тарап, 1950 жылдардың соңына қарай Жапонияда дизентерия ауруы белең алған. Шигелла төрт түрлі антибиотикке төзімді болып шықты: сульфат, стрептомицин, тетрациклин, хлорамфеницол.

Ғалымдар бұл жайттың тек шигелламен шектелмейтінін анықтады. Шигелла жұқтырғандардан Escherichia coli бактериясының кей түрінің де дәрі-дәрмекке қарсы тұратындай қабілетке ие екені анықталған. Төзімділік генінің біртұтас жиынтығы көлденең тарағаны анық, бәлкім, бұл пациенттердің ішектерінде бір бактерия түрінен екіншісіне берілуі арқылы орын алған болар. Ген алмасу тек шигелла мен E.coli бактерияларымен шектеліп қалмады. Кейініректе жасалған зерттеу аталған жиынтықтың түрлер арасындағы шекараларды асқанын, тұқымнан – тұқымға, адамның ішегінде өмір сүретін антибиотикке төзімді бактериялар тобы болатын ішек бактериясының барлық түрі арасында тасымалданғанын көрсетті.

Сонда шекаралар арасында қиындықсыз «серуендеген» қандай гендер жиынтығы? Ватанабэ мен әріптесі Тошио Фукасава мынадай гипотиза жасады: автономды генетикалық элемент. Ол жасушаның құрамында еркін көбейіп, хромосомаға тәуелсіз болады. Эписома күнделікті өмірде қажетсіз болғанымен құрғақшылыққа төзімділік немесе уға қарсы иммунитет тәріздес төтенше жағдай кезінде «пайдалы» қасиет қалыптастырады.

Ватанабэ 1963 жылы әріптесі Фукасавамен бірге жапон тілінде жасаған мәлімдемесін ғылыми ортада жазбаша жариялады. Ғылыми еңбекте стрептомицин секілді үш антибиотикке қарсы тұратындай қабілет эписомадан табылғаны жазылды. «Эписома» сөзі кейінірек «плазмида» сөзімен алмастырылды. Ғалымдар плазмиданы бір немесе бірнеше антибиотикке төзімді гендерді бактерияның бір түрінен екінші түріне тасымалдаушы механизм деп біледі.

Үрейлі жаңалықтар легінің соңғысын қытай ғалымдары жариялады. Екі жыл бұрын олар доңыздан алынған E.coli штамынан «адамзатқа арналған медицина үшін маңызды» деп танылған антибиотиктердің бірі – колистинге төтеп бере алатын генді анықтапты. Ғалымдар ол генді mcr-1 деп атаған. Ең қорқыныштысы, mcr-1 плазмиданың ішінде болғандықтан, бактерияның бір түрінен екінші түріне горизонталды тасымал арқылы оңай көше алады.

Қытай ғалымдарының жаңалығы жарық көргеннен кейін басқа елдердегі ғалымдар да mcr-1 генін бактериялық плазмидалардан байқағанын жарыса жазып жатты. Демек, жуырда колистина да көптеген антибиотикке төзімді бактериялармен күресте тиімсіз болып қалуы мүмкін.

Десе де Цутому ватанабэнің танымалдығы алысқа тарады. Стюарт Б.Леви есімді  америкалық жас жігіт 1962 жылы Ватанабэның Токиодағы Кейо университеті жанындағы зертханасында жұмыс істеуге мүмкіндік алған санаулы жандардың бірі.

Медицина докторы Стюарт Леви – қазіргі таңда Тафтса университетінде медицина факультетінің профессоры әрі антибиотиктерді шамадан тыс қолдану, антибиотиктерге төзімділік тақырыптарын зерттеген елеулі тұлға. Мен онымен жолыққанымда ол Ватанабэні сағына есіне алды.

Левиден бірнеше сантиметр аласа Ватанабэ ағылшынша мінсіз сөйлейтін әрі студент не докторанттармен сөйлескенде тік мінезділік танытатын. Ол ара-тұра жастау әріптестерімен университет маңында велосипед теуіп, барда караоке кештерін өткізетін. Филадельфиядағы ғылыми кездесу кезінде Ватанабэ Левидің ата-анасының үйінде қонатын. «Мен бұған жүрегім жарыла қуандым, себебі оған шамадан тыс бас иетінмін», – деді Леви. «Белсенді жетекші, әрдайым жинақы әрі құрметтеуге лайықты жапон ғалымы қазір қайда?» – деп сұрадым.

«Ол ішкі ағзадағы қатерлі ісіктен көз жұмды. Бұл Ватанабэнің шамамен 50-ге таяған кезі еді», – деді күрсіне Леви.

Өзінің медициналық зерттеулерін аяқтағаннан кейін Леви әлемді антибиотикке төзімді бактериялардан қорғауға ден қойды. 1992 жылы ол «Антибиотик парадоксы» атты кітабын жарыққа шығарды. Мұндағы парадокс ХХІ ғасырда адам өмірін керемет жеңілдеткен әрі ұзартқан дәрі-дәрмектердің бактериялық жауларымызды эволюциялық өзгерістерге бейімдеу арқылы қорқынышты күйге жеткізгенімізде жатыр. Леви плазмида тасылмалдаушы антибиотикке төзімді гендердің таралуы туралы Ватанабэ кезінде «беймәлім болып келген геннің таралу ауқымына микробиологтар мен медицина ғалымдарының көздері жетті» деп жазды.

Ол уақытта Ватанабэнің ұйғарымы толықтай анықталмаған кез болатын. Ал бүгін жаһандық ақпарат геннің таралуынан кем түспейтін жылдамдықпен дамуда.

Авторы: Дэвид Кваммен


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0
Viewing all 593 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>